БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


жылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 69 жүгіну түсті, қағаз түрінде – 65655 жүгіну



бет11/16
Дата13.08.2017
өлшемі4,88 Mb.
#23412
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2012 жылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 69 жүгіну түсті, қағаз түрінде – 65655 жүгіну.

2013 жылы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген № 983 Қаулысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметің реестрдегі 127 түрінің жергілікті атқарушы органдарымен 45-і ХҚКО арқылы көрсетілген.

2013 жылы 4128 021 қызметтің 56932-і ХҚКО арқылы көрсетілген.


«Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекіту мен жаңартылуы», «Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету» және «Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен атқарушы органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерінің үлесі» өлшемдері бойынша бағалар төмен болды.

«Мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту» критериі бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау қорытындысы 25 балдың облыс бойынша 22,9 балл алды.

2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы ЖАО көрсетілген мемлекеттік қызметтінің мерзімін бұзуы 7-ден 23-ке өскен. Сонымен бірге өтініш саны 4-тен 1-ге азайған. Сондай-ақ, 2013 жылы ЖАО көрсетілетін 82 мемлекеттік қызметтің 78-не регламент бекітілген. Осының нәтиесінде 2013 жылы «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыт боынша тиімді бағасы 56,27 баллды құрап, республика аймағындағы облыстығ рейтинг позициясында сақтап қалуға мүмкіндік берді.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013ж. №983 Қаулысымен бекітілген Тізілімге сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін 130 мемлекеттік қызмет түрі бар. 2014 жылы барлығы 4 826 286 мемлекеттік қызмет, ХҚҚО арқылы 46567 қызмет көрсетілді.

2014 жылы «Бір терезе қадиғасын» жүзеге асыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ХҚҚО қызметі арқылы 45 қызмет көрсетілді. 2013 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдармен ХҚҚО қызметі арқылы көрсетілетін қызмет түрінің саны 15-ке артты.

2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 130 мемлекеттік қызметтің 121-і регламентпен бекітілді.

2014 жылы «электронды үкімет» веб-порталпорталы арқылы 13196, қағаз түрінде – 4762079 үндеу түсті.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ЖАО мерзімінде орындалмаған көрсетілген қызмет саны 23-тен 76-ға, арыз саны – 1 артты. Сонымен қатар, 2013 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 82 мемлекеттік қызметтің 78 регламент бекітілген. Нәтижесінде «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша тиімділігін бағалауда 2013 жылдың қорытындысында жалпы бал 56,27 балды құрап, облыстың республика өңірлері арасындағы рейтингте орнын сақтап қалды.

Мәселелер:

- электрондық форматта өтініш берудің төмен деңгейі.



Мұрағат

Облыста мұрағат қызметін 12 мемлекеттік мұрағат, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық мұрағат жүзеге асырады. 01.01.2012 жылға Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 810698 мың бірлікті, 2015 жылдың басына - 854986 бірлікті құрады.

Облыстың 886 ұйымдарының ведомстволық мұрағаттары Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері болып табылады, оның ішінде 179-і – мемлекеттік емес меншік нысанында. Қазіргі кезде ведомстволарда сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қорының басқармалық құжаттамасының көлемі шамамен 605,7 мың бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда – 7,1 мың бірлік, жеке сақтау құжаттары – 2,5 мың бірлік, фото құжаттары – 5,5 мың бірлік, дыбыс құжаттар – 31 бірлік, ғылыми-техникалық – 478 бірлік (оның ішінде мемлекеттік емес – 150 бірлік), жеке құрам бойынша – 240,8 мың бірлік.
2.2.8. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)

Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Облыста 8 саяси партиялардың, 624 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, 26 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестік, 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 324 діни бірлестік, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі құрамына кіретін 1326 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.

Олардың көбісімен конструктивтік қарым-қатынас орнатылған.

Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.



Қоғамдық-саяси субъектілердің белсенділігі.

Облыста 8 республикалық партияның филиалдары жұмыс істеуде. Жалпы, олардың барлығымен іскерлік және серіктестік қарым-қатынас орнатылған.

Партиялар қатарынан тек «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы аймақтағы ең бұқаралық және жетекші саяси партия.

Облыстық партиясының ең басты маңыздылығы оның құрамында 11 аудандық пен қалалық филиалдары және 399 бастауыш ұйымдары, облыстың барлық аудан және ірі елді мекендерінде «Жас Отан» жастар қанатының 214 өкілі бар.

Нұротандықтардың 96,5%-ы барлық деңгейдегі мәслихаттарда қызмет етеді.

Жалпы, басқа саяси партиялардың филиалдары аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласпай, селқостық танытуда.



Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту.

Облыстық ақпараттық кеңістікте түрлі тақырыптағы 49 БАҚ, оның ішінде 46 баспа, 1 электронды, 1 ақпараттық агенттік БАҚ көрініс тапқан. Бұдан басқа, 4 кабельді оператор қызмет атқаруда («Аби ТВ», «АЛМА-ТВ», «DIGITAL-ТV» и «ИП Сейдилдаева»).

Сонымен қатар, 10 баспахана жұмыс істеуде. Олардың 6-уы Тараз қаласында, қалғандары Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандарында.

БАҚ-мен өзара байланыстың тиімді тетіктерінің бірі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс болып табылады, бұл жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары ретінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс көлемі 2014 жылы 484,7 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 30,2 млн. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 116,1 млн. теңгеге, 2011 жылғы деңгейімен салыстырғанда 174,2 млн.теңгеге артық.

Үкіметтік емес секторды дамыту.

Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Әділет министрлігіне қарасты жергілікті органдарының мәліметтері бойынша облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 624, оның ішінде 200-і белсенді жұмыс жүргізуде.

2014 жылы облыстық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желілері бойынша 33 үкіметтік емес бірлестік (ҮЕБ) жалпы сомасы 59,2 млн.теңгеге әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырады (2011 жыл – 58 ҮЕБ, 2012 жыл – 48 ҮЕБ, 2013 жыл – 35 ҮЕБ). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көпсалалық ҮЕҰ Ресурстық орталығы және конструктивтік түрде облыстық Азаматтық Альянс өз қызметтерін атқаруда.



Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту.

Облыста 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 324 діни бірлестік өз қызметтерін жалғастыруда.

Олардың қатарында - 280 мұсылман діни бірлестіктері, 9 христиандық, 34 протестанттық және 1 католиктік приход қызмет атқаруда. «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 8 миссионер қызмет етеді, оның ішінде 4-уі - Оңтүстік Корея, 2-уі – Германия, 1-уі - Италия, 1-уі – Египет Арабтық Республикасы елдерінің азаматтары.

Облыс әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес тиімді қызмет атқаруда.

Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде облыста 5 ақпараттық-насихат топтарының қызметі қамтамасыз етілуде.

Дінаралық және халықаралық негізде қақтығыстар тіркелген емес.

Облыста 87 этнос өкілдері тұрып жатыр. 26 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бір этнос өкілдерінің көп шоғырланған жерлер - Қордай (дүнгендер, әзірбайжан), Талас, Сарысу (күрділер), Байзақ (түріктер) және Жамбыл ауданы (дүнгендер, күрділер, түріктер).

Сонымен қатар, аймақтың қоғамдық-саяси саласында бірқатар мәселелер бар.



Мәселелер:

- жұмыс жасамайтын ҮЕҰ үлесінің көптігі;

- кәсіподақ мүшелілігімен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

- мешіт имамдарының діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі;

- халықтың діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі.
Аймақтық даму

Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 152 ауылдық және селолық округтер, 373 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 32,5% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 7,8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 59,7%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метр, халық қоныстауының тығыздығы 1 шаршы метрге 7,6 адам құрайды.

2015 жылдың басына облыстың қалаларында тұратын халық саны 442,8 мың адамды, (2011 жылдың басына – 422,8 мың адам, 2012 жыл – 422,2 мың адам, 2013 жыл – 427,9 мың адам, 2014жыл – 436,5 мың адам), ауылдық жерлерде тұратын халық 655,9 мың адамды (2011 жыл басына – 623,5 мың адам, 2012 жыл – 633,6 мың адам, 2013 жыл – 642 мың адам, 2014 жыл – 648 мың адам) құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша 2014 жылы облыс орталығы Тараз қаласында 356 мың адам тіркелген, бұл 2011 жылдың басымен салыстырғанда 29,9 мың адамға көп. Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 137,1 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 98 мың халық бар. Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,8 мың адам тұрады. Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 96,0 мың адам, Жамбыл ауданында – 80 мың адам, Жуалы ауданында – 50,9 мың адам тұрады. Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 65,4 мың адам, Меркі ауданында – 83,5 мың адам, Талас ауданында – 53,1 мың адам, Сарысу ауданында 43,8 мың адам тұрады.

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, ондағы инфрақұрылымның дамуы ықпал етеді.

Облыстың аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.

Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында бекітілген нормативке сәйкес аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 10 аудандық орталық аурухана, 7 ауылдық аурухана, 1 қалалық көп салалы аурухана, 4 туберкулезге қарсы ауруханасы, 6- туберкулезге қарсы диспансер, оның ішінде 4-төсек орынсыз, балаларға арналған туберкулезге қарсы санатория, оның ішінде 1 – жекеменшік аурухана, 1- қалалық емхана, 10-орталық аудандық емхана, 10-ауылдық емхана, 108 - дәрігерлік амбулатория, 115 медициналық пункттер, 63 - фельдшерлік-акушерлік пункттер, тиісті ғимараты жоқ 59 медициналық қызметкер, 15 – стоматологиялық көмек көрсету бойынша жекеменшік амбулаториялық- емханалық мекемелер жұмыс істейді. Ауыл аймақтарындағы денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Казахстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қайта құрылады.

2014-2015 жылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарының желісін 116795 оқушылары бар 362 ауыл мектептері ( 2011-2012 оқу жылдары 375, 2012-2013 оқу жылдары – 369 мектеп, 2013-2014 оқу жылдары – 369 мектеп) құрады, оның ішінде бастапқы мектептер саны – 48, негізгі мектептер – 32, орта мектептер – 271.

Ауыл мектептерінде 15662 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 14090, орта арнаулы білімдісі – 1573. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2829 мұғалім жұмыс істейді.

Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 492 (2011 жылы - 490, 2012 жылы – 490, 2013 жылы- 491) мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 195, автокөлік клубы – 10, кітапханалар – 266, мұражайлар – 9, кинотеатрлар -1 бірлікті, киноорнатулар - 22 бірлікті құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға облыста 222 ауылдық елді мекен (59,5%, 2011 жылы – 45,0%, 2012 жылы - 52,5%, 2013 жылы – 55,8%), орталықтандырылмаған ауыз сумен 145 АЕМ (38,9%, 2011 жылы – 43%, 2012 жылы – 45,3%, 2013 жылы-42,6%) және тасымалдап ішетін ауыз сумен Мойынқұм ауданының 6 АЕМ-і (2011 жылы - 9 ауылдық елді мекен, 2012 жылы - 8) қамтамасыз етілген, бұл 1,6%-ды құрайды (2011 жылы – 2,4% және 2012 жылы – 2,1%).

Өңірлік даму министрлігінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 255/НҚ бұйрығына сәйкес облыста даму әлеуеті жоғары 90 елді мекен, төмен - 21 және орта – 262 елді мекен бекітілген. 2011 жылдың бағалау қорытындысымен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 35 бірлікке ұлғайған, даму әлеуеті төмен елді мекендер 11 бірлікке, ал даму әлеуеті орта елді мекендер 30 бірлікке қысқарған.

Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы тіректі елді мекендердің кешенді жоспары, аудандық орталықтар және ауылдық округтердің орталық шаруа мекені бекітілген, сондай-ақ елді мекендердің жоғарғы және орташа потенциалды дамуы және шекаралық аймақтар.

2014 жылы Тіректі ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарының Кешенді жоспарларын іске асыру барысында, жоспарланған 426 іс шаралардың 359-ы орындалып, 21 жартылай орындалған, 46 - орындалмаған. Іс шараларды іске асыруға барлық қаражат көздерінен бөлінген 13363,3 млн.теңге, игерілгені 11565,1 млң.тенге (республикалық бюджеттен бөлінген 4610,3 млн.теңге, игерілгені 4596,1 млн.теңге; жергілікті бюджеттен бөлінген 6405,8 млн.теңге, игерілгені 6008,8 млн.теңге; басқа да көздерден бөлінген 147,4 млн.теңге, игерілгені 146,2 млн.теңге).

2014 жылы даму әлеуеті жоғары және орта 291 ауылдық елді мекендерде 292 іс шара жоспарланған, оның ішінде: орыдалғаны - 242, жартылай орындалғаны - 13, орындалмағаны 37 (орындалмаған - 25, келесі жылдарға өткендер-12).

Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 588,9 млн. теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 41,5 млн. теңге) қолданылып, 2014 жылы 1416,6 млн. теңге бөлінді. Даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау көрсету шеңберінде 2013 жылы 180 АЕМ 240 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 488,7 млн. теңге, 2014 жылы 181 АЕМ 421 іс-шараларын іске асыруға 611,2 млн. теңге бөлінді.

Жамбыл облысында 2 моноқала бар - Қаратау және Жаңатас қалалары. 2012 жылы бірінші кезектегі мәселелерді оңтайландыруға екі қалаға Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджетен 190,3 млн. теңге бөлініп толық игерілді. (оның ішінде Қаратау – 107,4 млн. теңге, Жаңатас – 82,9 млн. теңге). Бұл қаражаттар моноқалалардағы абаттандыру, жайластыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы екі моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаражат облыстық бюджетпен қоса есептегенде 1371,6 млн. теңге бөлініп игерілді (Қаратау қаласына – 710,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына 660,6 млн. теңге), оның ішінде республикалық бюджеттен – 1303,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 67, млн. теңге.

Оның ішінде:

- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 598,2 млн. теңге бөлініп, игерілді. Қаратау қаласында 417,6 млн. теңгеге орталық қазандықты, 2014 жылы аяқталатын сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жүргізілді. Жаңатас қаласында 180,6 млн. теңгеге Аспандияров көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

- екі моноқалалардағы жайластыруға мәселесін шешуге 612,0 млн. теңге қарастырылып, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына 201,4 млн. теңге, Жағатас қаласына – 410,6 млн. теңге. Бұл қаражаттарға көгалдандыру, абаттандыру және 80 көпқабатты үйді бұзу жұмыстары жүргізілді (Қаратау қаласында -18. Жаңатас қаласында - 62).

- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 161,35 млн. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына – 91,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 69,4 млн. теңге. Моноқалаларда «КДҚ «Даму» АҚ-мен бірге кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған.

2014 жылы моноқалалардың іс-шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қосымша облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты қоса есептегенде – 1195,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1175,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 20,5 млн. теңге қарастырылған.

Оның ішінде:

- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 594,5 млн. теңге қарастырылған. Қаратау қаласында орталық қазандықты, сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға - 107,5 млн. теңгеге (РБ – 103,8 млн. теңге, ЖБ – 3,7 млн. теңге). Сондай-ақ, Қаратау қаласының ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жобасын іске асыруға – 286,6 млн. теңге қарастырылған (РБ – 271,5 млн. теңге, ЖБ – 15,1 млн. теңге). Жаңатас қаласында ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстарына - 200,3 млн. теңгеге (РБ – 198,6 млн. теңге, ЖБ – 1,7 лн. теңге).

- екі моноқалалардағы жайластыру мәселесін шешуге 430,8 млн. теңге, оның ішінде Қаратау қаласына 111 млн. теңге, Жағатас қаласына – 319,8 млн. теңге, оның ішінде 234,0 млн. теңге 29 үйді бұзуға. (2015 ж. 1 мамырына 100% игерілді).

- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 170,5 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде Қаратау қаласына – 113,8 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 56,7 млн. теңге.



Мәселелер:

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстың 373 АЕМ 145-ы орталықтандырылмаған ауыз сумен және 6-і тасып әкелінетін ауыз сумен пайдаланады. Ауылдық жерлердегі ауыз сумен қамту мәселесі 2 себептен тұрады: сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығы және бұзылуы. Өз кезегінде, сумен қамту инфрақұрылымдардың ескіруі оны дамытуға және қамтуға қаражаттың жоқтығының салдарынан болып отыр.

2015 жылдың 1 қаңтарына 38,0% АЕМ газдандырылған (373 АЕМ-ден 142). АЕМ газдандырудың төмен деңгейі магитралды желілердің аудандардан алыста орналасқанына және бюджеттік мүмкіншіліктің шектелуіне байланысты.

Облыстың кейбір аудандарында әлеуметтік саланың нысандарын дамытуға бюджеттік шығындардың жылсайын өсуіне қарамастан апатты мектептер санының өсімі сақталуда (облыста 69-нан астам самандық мектептер жылсайын апатты мектептер санатына ауысуда).



Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесі туындап отыр, әсіресе Байзақ және Жамбыл аудандарында. Денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің үлкен үлесі қосымша ғимараттарда, жалға алынған мекемелерде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет