2009-2014 жылдардағы химия өнеркәсібінің серпіні
4 сурет
2011 жылы химия өнеркәсібінің өндірісін ұлғайту жалғасуда. 49,3%-ға өндіріс көлемінің өсімі натрий үшполифосфатын өндіруді 1,9 есеге, ортофосфор қышқылын - 1,8 есеге, минералды тыңайтқыштарды – 1,5 есеге, сары фосфорды - 1,4 есеге өсіру есебінен қамтамасыз етілген. Жоғары шектегі химия өнімін экспорттау 151,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 1,1% артық.
Алайда, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда химия өнімінің нақты көлем индексі 9,1%-ға төмендеп 50,7 млрд.теңгені құрады. Талдау нәтижесінде жұмыс қарқынының төмендеуінің негізгі себебі фосфор өніміне сұраныстың төмендеуі, ортофосфор қышқылы (28%-ға), натрий үшполифосфаты (33,3%-ға) көлемінің қысқаруы, күкірт қышқылының жоқтығы болып табылатындығы анықталған.
2013 жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 51,7 млрд. теңгені, НКИ – 97,8%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда ортофосфор қышқылының өндірісі 13,3%-ға төмендеген (2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Реактивті фосфорлы қосындылар» ЖШС фосфор қышқылы өндірісі нәтижесінде өткеру нарығы төмендеген, мұнда демпингтік баға орнап Ресей нарығын игеруде), натрий үшполифорсфаты – 12,8%-ға төмендеген (Польшадағы, Үндістандағы өткеру нарығын жоғалту, теміржол тарифтерінің өсуіне, долларға шаққандағы ресей рублінің өсуіне, ұсынылған баға Ресей нарығында бәсекелестікке қабілетсіз болуына байланысты). Сонымен қатар, фосфор өндірісі 3,7%-ға, азотты тыңайтқыштар – 4,3%-ға, фосфорлы тыңайтқыштар – 1,3%-ға артқан.
«Казфосфат» ЖШС компаниясы химия өнімдерін әлемдік нарыққа негізгі экспорттаушылардың бірі болып табылады, облысымыздың химия өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 98,2% құрайды. Дайын өнімнің 80% астамы шет елдерге өткізіледі, атап айтқанда сары фосфор - Ұлыбританияға, Германияға, Данияға, Үндістанға, Италияға, Польшаға, АҚШ, Чехия Республикасына, Швейцарияға; минералды тыңайтқыштар – Бельгияға, Кореяға, Латвияға, Испанияға, Қытайға, Голландияға, Норвегияға, Түркияға, Финляндияға, Швецияға, Қырғызстанға; натрий үшполифосфаты – Германияға, Қытайға, Чехия Республикасына, Украинаға; ортофосфор қышқылы – Бразилияға, Ұлыбританияға, Германияға, Қытайға, Кореяға, Чехия Республикасына, Швейцарияға өткізіледі.
Осыған байланысты, «Казфосфат» ЖШС жұмыс істеп тұрған және соғылып жатқан қуаттылықтарының тұрақты жұмысы минералды тыңайтқыштар мен сары фосфордың әлемдік нарықтарындағы жағдаяттарына байланысты болады.
Индустрияландыру Картасының шеңберінде 2012-2013 жылдар аралығында Компаниямен Тараз қаласында натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфаттар өндірісін құру бойынша инвестициялық жобалары іске асырылды және өз өндірісін күкірт қышқылымен қамтамасыз ету мақсатында күкірт қышқылы цехінің құрылысы бойынша инвестжобасын іске қосты.
2014 жылдың қорытындысы бойынша сары фосфор өндірісінің – 1,1 есеге (99,9 мың тонна), азотты минералды тыңайтқыштар – 7,1%-ға (13,2 мың тонна), фосфорлы минералды тыңайтқыштар – 8,6%-ға (71,0 мың тонна) өсуі есебінен химия өнеркәсібінің көлемі 2013 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға өсіп, 69,7 млрд. теңгені құрады.
Қаратау қаласында 2014 жылы ҮИИД аясында натрий цианидінің өндірісі бойынша зауыты «TalasInvestmentCompany» ЖШС-і –инвестжобасы іске қосылды, онда қалдықтарды өңдеу есебінен жылдық қуаттылығы 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіруді жоспарлап отыр.
2016-2018 жылдары «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-і глифосат және калий сульфатын өндіру бойынша 2 инвестжобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Ұзақ мерзімді және тұрақты дамудың басты басымдылығы саланың ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалана отырып, қосымша құны жоғары өнімдерді шығару, ішкі және сыртқы нарықта химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті тұстарын нығайтатын болады. Саланың болашағы одан әрі фосфориттерді, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың түрін кеңейтумен және көлемін ұлғайтумен байланысты. Мұнда жылдар бойы жинақталған - ресурстық, кадрлық, технологиялық және инновациялық әлеуеттер бар.
Облыста химиялық кластерді дамытуға барлық басмыдықтар бар, онда «Казфосфат» ЖШС-і, «Еврохим» және ««Тараз» Химиялық паркі АЭЗ» ЖШС-і кәсіпорындарымен бірқатар болашағы бар жобалар жүзеге асырылуда.
«Казфосфат» ЖШС-і 2016 жылға дейін 6 жобаны іске асыруды жоспарлауда - №8 цехындағы пеш газын пайдалану жүйесінің (ПГПЖ) құрылысы; №7 және №8 пештерін технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу; азықтық фосфат өндірісін қайта құру; фосфор жағудан жылуды кәдеге асыратын тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғыларды енгізу, пеш газынан этанол алу, облыстың индустрияландыру Картасына бір жоба енген - экстракционды фосфор қышқылы (ЭФҚ-1) өндірісінің технологиялық жүйесін қайта құру.
«Еврохим-Удобрения» ЖШС – Қазақстан Республикасында 2008 жылы құрылған, «ЕвроХим» Холдингі құрамына кіретін, минералдық тыңайтқыштар кешенін шығаратын кәсіпорын Жамбыл облысының Қаратау бассейні кен орнында өз қызметін іске асыруды жоспарлайды. Компанияның облыста жұмыс жасауы жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер береді. Жобаның аса маңызды аспектісі қазақстандық газды қолдана отырып өзінің азоттық өндірісінің құрылысын салу болып табылады, бұл өз кезегінде Республиканың Өзбекстаннан тасымалданатын аммиакқа деген тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын 2015 жылы Жаңатас қаласында тау-кен байыту комбинатын (фосмука), 2018 жылы – Қаратау қаласында қуаттылығы жылына 1 млн. тоннадан астам минералды тыңайтқыштар шығару бойынша кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 356 млрд. теңгеден аса құрап, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.
Ресейлік ірі кәсіби компаняларының бірін тарту арқылы салынып отырған инвестиция есебінен осы жобаны нәтижелі іске асыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын барлық тыңайтқыштар гаммасымен: азоттық, фосфорлық, калий, кешендік қамтамасыз етуге және қолданыстағы егін алаңдарының өнімділігін едәуір ұлғайтуда өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыруға, сонымен бірге, жаңа жерлерді ауыл шаруашылық айналымына тартуға мүмкіндік береді. Зауыт өнімі алыс және жақын шет елдерге экспортқа шығарылатын болады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның қатысумен «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-н құру жұмыстары жүргізілуде, онда жалпы инвестиция көлемі 390 млрд. теңгеге дейін болатын 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2017 жылы алдын ала бағалау бойынша «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-да өндірілетін өнімдер көлемі 101,0 млрд. теңгеге 890 мың тоннаны құрайды.
Дамыған алдыңғы қатардағы технологияларды пайдалану арқылы химиялық кластерді дамыту елдің химиялық өнеркәсібін дамытуға, қазақстандық үлесті ұлғайтуға, күкірт қышқылы шикізатын жеткізушілерден тәуелсіз болып, өндірілген өнімнің сапасын арттыруға, бастысы, қосымша жұмыс орындарын ашуға, аймақтың экологиялық жағдайын түзеуге, қалдықсыз өнім өндіруді ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Машина жасау
Машина жасау саласы республика көлемінің шамамен 0,1% болмашы үлесін, облыс өнеркәсібінің - 5,3% және өңдеу саласының 7% құрайды.
Салада кір жуу техникалары – тұрмыстық немесе кір жуатын үйлер үшін сыйымдылығы 10 кг құрайтын кір жуу машиналары; кір сығуға арналған машиналар басымды шығарылуда.
Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда – 8,5%-ға төмендеген. Дағдарысқа қарсы шаралардың, мемлекеттік қолдаудың арқасында салада 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 3,8%-ға өсім байқалуда. (5 сурет).
2009-2014 жылдардағы машина жасау серпіні
5 сурет
2011 жылы өндірісті ұлғайту тенденциясы сақталған, онда саланың өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен (6 сурет). Еңбек өнімділігі 2010 жылғы 7,3 мың АҚШ долларын/адам қарағанда 9,1 мың АҚШ долларын/адам құрады.
Машина және құрал жабдық өндіруде тек «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады. Бірқатар шешілмеген мәселелердің салдарынан кәсіпорынды дамыту қарқыны баяу болып отыр, олар: ішкі нарықтың болар болмас көлемі, жабдықтардың моралдық және нақты ескіруінің жоғары деңгейі, өндірістік қуаттырын толық пайдаланбау, бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі.
Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: қозғалыстағы темір жолдың құрылымын, оның түйіндерін және агрегаттарын күрделі жөндеумен және жетілдірумен айналысатын «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».
Темір жолдың құрылымын күрделі жөндеуге ішкі сұраныс облыста жүк вагондарының және локомативтердің тұтынушысы - «Қазақстан тeмip жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (әрі қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) қалыптастырылады. Жүктасымалдаудың өсімі және теміржол техникасы паркілерінің ескіруінің өсімі салалардың өндіріс көлемдерін арттыруға негізгі әсер етуші факторлар болып табылады. Бірақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ РМК барлық жүйесінде пайдалануға беруге 600-700 тепловоздар, жан-жақты зерттелген моторесурстар секілді жартысы есептен шығарылған, күрделі жөндеуден толық өткен парк есептелінді. Есепке алынатын паркті жаңартудан мен толықтырудан қызметінің мерзімі мен техникалық жағдайы бойынша жүк вагондарын қатардан шығару едәуір озық болып келеді, оған байланысты кәсіпорындар үшін жылсайын тапсырыс көлемі төмендеуде.
Кәсіпорынды сақтау мақсатында басшылықпен жаңа өндірістер және озық технологиялар енгізілуде. Сонымен, 2011 жылдың сәуірінен «Қамқор Менеджмент» ЖШС Шу локомотивтік зауытында жетілдендірілген «Енисей-Камкор» комбайнын жинау өндірісі іске қосылған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 43 комбайн жиналды.
Сондай-ақ, электр жабдықтарын өндіруде 2011 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде кең спекторлы пайдаланудың жарық диодтық шамдарын өндіру – жолдарды, көшелерді және саябақтарды жарықтандыратын жарық диодты шамдардан 5 есе тиімді шамдарды өндіру бойынша зауыт («Энерджи Тараз» ЖШС) іске қосылды.
2012 жылы машина жасаудың өндіріс көлемі комбайндарды жинау бойынша тапсырыстардың төмендеуінен 7,5%-ға төмендеп, 9,2 млрд.теңгені құрады. Бірақ, 2013 жылы зауыт басшылығы қытай өндірісінің жоғары технологиялық маневрлік тепловоздары өндірісін қалыптастырды, онда 3,1 млрд. теңгеге 18 тепловоз құрастырылды. Нәтижесінде саладағы өнім өндіру 13,2 млрд. теңге көлеммен 1,3 есеге ұлғайған.
Алайда 2014 жылдың қорытындысы бойынша машина және қондырғы өндірісінің 2,1%-ға төмендеуіне байланысты машина жасау саласында өндірілген өнім көлемі 1,3%-ға қысқарған.
Сонымен, машина жасау облыс экономикасында маңызды роль атқармайтынын айтуға болады. Кәсіпорындар негізінен жинау өндірісіен айналысады. Бірақ облыста ауыл шаруашылықтық машина жасауды дамыту үшін барлық жағдайлар бар (комбайндар, тракторлар, дақылдарды қайта өңдеу жабдықтар және машиналары), өйткені өңір аграрлық-индустриалдық болып табылады және ауыл шаруашылығы өңір экономикасында маңызды орын алады.
Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының нарығы импорттық өніммен толықтай қамтылған, сондықтан облыстың жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары басымды түрде ауыл шаруашылық және тракторлық машина жасауды дамытуы қажет, олардың даму стратегиясы жабдықты импорттау мүмкіндігімен қатар жаңа шет елдік технологияларды енгізуге, тәжірибе жинай отырып, жабдықтарды өз өндірісінде өндіруге бағытталады.
Металлургия
Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферроқойыртпалар, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру аса маңызды салалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |