4.3 Қолданыстағы шешімдердің технологиялық картасы
Ұсынылған технологиялық карта клиенттен бастап мемлекеттік органдардың дерекқорына дейінгі әрбір жүйенің өзара іс-қимылын сипаттайды.
Клиенттер – қаржылық, төлемдік, микроқаржылық, сақтандыру ұйымдары, брокерлер мен дилерлер интернет арқылы СДАО платформасына мына деректерді: ЖСН, фотобейнесін, пайдаланушының мобильді нөмірін жібере отырып өтініш жасайды. Бұдан әрі СДАО ЖСН бойынша ЖТ МДҚ-ға (ЭҮШ арқылы) жеке тұлғаның фотобейнесін алуға сұрату жібереді. Одан әрі ЖТ МДҚ тұлғаның бейнесін береді. СДАО платформасында тұлғалар салыстырылады және салыстыру мен деректердің нәтижелері клиентке жіберіледі. Салыстыру СДАО контурында жүргізілетінін, ЖТ МДҚ-дан алынатын жеке тұлғалардың фотобейнелері қаржы ұйымдарына берілмейтінін атап өткен жөн.
Клиенттер – азаматтар, коммерциялық ұйымдар, білім беру ұйымдары, коммерциялық ұйымдардың кадр қызметтері пайдаланушының ЖСН, фотобейнесін, мобильді нөмірін жібере отырып, интернет арқылы Digital ID платформасына жүгінеді. Бұдан әрі Digital ID ЖСН бойынша ЖТ МДҚ-да ЭҮШ арқылы адамның бейнесін сұратады, ЖТ МДҚ адамның бейнесін береді. Digital ID платформасында тұлғалар салыстырылады және салыстыру нәтижелері мен деректер клиентке жіберіледі. Сонымен қатар, Digital ID көрсетілетін қызмет мақсатына байланысты МАБ, ҰКО жүйелеріне жүгінеді. Болашақта Digital ID модальдылықты толықтыруды және көз қабығының көмегімен салыстыруды жоспарлап отыр.
Клиенттер – халықты құжаттандыру бөлімшесі ҚР азаматтары туралы бастапқы жазбалар жасалған ХҚТ ТП ведомстволық ақпараттық жүйемен жұмыс істейді, ҚР бейрезиденттері туралы бастапқы деректер КП АЖ арқылы толтырылады. Бұдан әрі мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерінің аяқталуы бойынша ЖСН-мен жеке тұлға турадлы жазбалар ЖТ МДҚ-ға жіберіледі. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы
30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылдан бастап ЖБС ААШЖ жеке басты куәландыратын құжаттарды беру және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу процестері шеңберінде ҚР резиденттері мен бейрезиденттерінің биометриялық деректерімен (саусақ іздері) толтырылады.
Клиенттер – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі мемлекеттік шекарадан Бүркіт БАЖ арқылы өтетін тұлғалардың есебін жүргізеді. Бүркіт БАЖ-да қажетті тексеру рәсімдері жүргізіледі. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы
30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылдан бастап Шекара қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан кесіп өтетін тұлғалардың биометриялық деректерін (саусақ іздері) жинау жүзеге асырылатын болады.
3-сурет. Ағымдағы жағдайдың технологиялық картасы
Достарыңызбен бөлісу: |