ХҚКО-да құжаттандыру процесі шеңберінде орнатылған деректер мен фотобейнелерді жинауды жүзеге асыра отырып, халықты құжаттандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. «Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы дактилоскопиялық тіркеу процесін ұйымдастыру бөлігінде жұмыстар да жүргізілуде. Деректерді жинау «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
«Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде бейрезиденттердің биометриялық деректерін жинау, сондай-ақ шекаралық бақылау процесінде дактилоскопиялық деректерді жинау жүзеге асырылатын болады. Деректерді жинау «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Digital ID жобасы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны шығару қызметін алуға мүмкіндік береді. Сервисте тіркелу толығымен онлайн форматта өтеді. Тіркеу үшін OTP және биометриялық сәйкестендіру (liveness + photo matching) арқылы екі факторлы сәйкестендіру қолданылады. Статистика жүйеде 5 миллионға жуық тіркелген пайдаланушыларды көрсетеді. Бүгінгі күні жобаны дамыту шеңберінде ЦДИАӨМ азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін, оның ішінде азаматтардың ХҚКО-да деректерді ерікті түрде ұсынуы арқылы деректерді жинауды жүзеге асыратын, азаматтың цифрлық бейінінің Digital ID ұлттық жүйесін енгізуді іске асыруда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Жеке Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) арқылы қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтықтан биометриялық сәйкестендіру сервисі іске асырылды. Клиенттің сәйкестендіру құралы арқылы расталған дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және ұсынуға, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға беруге алған келісімі негізінде банктер клиентпен бейнеконференция сеансын өткізеді не клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдаланады. Бейнеконференция сеансының мазмұндық бөлігін (бақылау мәселелерінің тізбесі бар болса), сондай-ақ клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіру кезінде банктер көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін банктер дербес белгілейді.
Биометриялық сәйкестендіру бойынша жоғарыда көрсетілген шешімдерден басқа, бірқатар жетекші жеке қаржы ұйымдары клиенттердің жеке биометриялық дерекқорын қолдайды, олардың негізінде жеке қызметтерге қол жеткізу үшін сәйкестендіру және аутентификаттау сервистері ұсынылады.