Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет5/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Ашық нарықтық модель әртүрлі мемлекеттік дереккөздерін және/немесе құжаттама жүйелерін пайдалана отырып, заңды түрде танылған цифрлық сәйкестендіру провайдерлері ретінде көптеген реттелетін ұйымдарға рұқсат береді. Федералдандырылған модельден айырмашылығы бұл провайдерлер орталықтандырылған платформа немесе делдал арқылы емес, жеке мемлекеттік ұйымдармен тікелей екіжақты келісімдер негізінде жұмыс істейді.
Сонымен қатар, таратылған тізілім технологияларын дамыту цифрлық сәйкестендірудің орталықтандырылмаған моделін құруға мүмкіндік береді, онда пайдаланушы түрлі дерекқорларда сақталатын жеке мәліметтер мен биометриялық атрибуттарға кіру рұқсатын өз бетінше ұсынады.
Қолданыстағы инфрақұрылым мен бастамаларды, қолжетімді технологиялардың кемелдену деңгейін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, Қазақстан жағдайында іске асыруға оңтайлы болып табылатын биометриялық сәйкестендірудің бірыңғай экожүйесіне біріктірілген, дереккөзі ретінде уәкілетті мемлекеттік органдар толтыратын, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды пайдаланатын бірнеше провайдері бар федерализацияланған модель ұсынылады.
Заңды түрде танылатын цифрлық биометриялық сәйкестендірудің бірнеше провайдері ортақ платформа және сенімді деректердің бірыңғай дереккөзі арқылы олардың рөлдерін нақты регламенттеу негізінде өзара іс-қимыл жасайтын мұндай модель қолданыстағы инфрақұрылымды пайдалана отырып және елеулі қосымша қаржылық және уақытша шығасыларсыз әртүрлі мемлекеттік органдардың цифрлық биометриялық сәйкестендіру саласындағы қолда бар бастамаларын тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді.


    1. Шет елдердің тәжірибесі



Халықаралық практикадан Қазақстан үшін маңызды және релевантты үрдіс ретінде әртүрлі мемлекеттердің азаматтардың цифрлық бейінін қаржы инфрақұрылымымен және ұлттық төлем жүйелерімен интеграциялауға арналған стратегиялық бағытын атап өткен жөн.
Жеке тұлғаның цифрлық және төлем бейінін біріктіру цифрлық қаржылық және төлем инфрақұрылымын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтердің алуан түрлілігі мен қолжетімділігін арттыру, төлемдер жасау үшін биометрияны пайдалану мүмкіндігі, қолма-қол ақшасыз экономика құру жолында ілгерілеу нәтижесінде ұзақ мерзімді пайданы қамтамасыз етеді.
Осылайша, Үндістан халқының 95%-ға жуығын қамтитын Aadhaar мемлекеттік цифрлық сервисінің функционалына цифрлық сәйкестендіру және цифрлық құжаттар, электрондық төлемдер жасау мүмкіндігі, қаржы институттарында биометриялық деректерді жинау және сақтау кіреді. Жүйе
1 миллиардтан астам адамды қамтып, биометриялық сәйкестендірудің ең ірі жүйесі болып табылады.
Қазіргі уақытта жүйеде аутентификаттау POS құрылғысы (сауда нүктесі) көмегімен бірегей сәйкестендіргіш пен биометриялық деректерді (әдетте саусақ іздерін) пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Банктер мен төлем желілерінің операторлары елдің кез келген нүктесінде нақты уақыт режимінде, кең ауқымды және үйлесімді тәсілмен бөлімшелерге бармай-ақ банктік қызметтерді көрсететін Aadhaar аутентификаттауды микро-банкоматтарға енгізді. 2020 жылға арналған Secure Identity Alliance & the one point team есебіне сәйкес ересек тұрғындардың 95%-ның бағдарламаға қанағаттану индексі 92%-ды құрады.
Әлемдегі цифрлық ортаға барынша интеграцияланған қоғамдардың бірі ретінде Эстонияны мысалға келтіруге болады. Эстониядағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 99%-ы онлайн режимде көрсетіледі (соңғы сайлаудағы 44% пайдаланушылардың I-дауыс беруін қоса алғанда). Адамдар цифрлық қызметтерге мынадай үш үйлесімді цифрлық сәйкестендіру шешімдерінің арқасында қол жеткізе алады:

  • Смарт-карталар негізіндегі жеке куәлік (ID-Kaart) (Ұлттық жеке куәлік және резиденттің жеке куәлігі).

  • Эстонияның мобильді байланыс операторлары мен үкіметі ұсынатын мобильді сәйкестендіргіш. Бұл жүйе компьютерді немесе картаны салыстырып оқу құралын пайдаланбастан онлайн-транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

  • Жеке сектор ұсынатын смарт-сәйкестендіргіш, сондай-ақ қосымшаның негізінде мобильді сәйкестендіргіш болып табылады.

Сингапурда белсенді пайдаланылатын National Digital Identity жүйесі бірыңғай биометриялық жүйені, цифрлық сәйкестендіруді және құжаттарды цифрлық сақтауды, сондай-ақ қаржы институттарында биометриялық деректерді жинауды қамтиды. Жоба азаматтар мен бизнеске арналған транзакциялардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі цифрлық құралдарды біріктіреді.
ЕО-да мультимодальдық цифрлық сәйкестендіруді, құжаттарды цифрлық түрде сақтауды және түрлі қызметтерді төлеу үшін төлем сервисін қамтамасыз ететін 27 елге арналған бірыңғай цифрлық әмиян жобасы іске қосылды. Әмиянның көмегімен азаматтар интернеттегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу, цифрлық құжаттармен алмасу немесе жеке басын немесе басқа жеке деректерін ашып көрсетпей-ақ жасы сияқты белгілі бір жеке атрибутты растау үшін қажет болған жағдайда ғана өзінің жеке басын растай алады. Азаматтар өздері бөлісетін деректерді қашан да толық бақылап отыратын болады. Жария сервистерге қол жеткізуден бөлек ЕО-дағы жеке онлайн-сервистерге, атап айтқанда пайдаланушыны қатаң аутентификаттауды талап ететін сервистерге қолжетімділік көзделген. Бұған банктік шотқа қол жеткізу немесе несие алуға өтініш беру, салық декларациясын тапсыру, елде немесе шетелде университетке түсу және басқа көптеген қызметтер мысал бола алады.
Іске асырылып жатқан жобаның азаматтар үшін көптеген артықшылықтары бар, соның ішінде:

  • әрбір ЕО азаматының ЕО-ның кез келген нүктесінде танылатын цифрлық сәйкестендіруге ие болу құқығы;

  • кіру рұқсатын беру арқылы ақпарат көлемін бақылаудың қарапайым және қауіпсіз тәсілі;

  • қызметтердің кең ауқымына қол жеткізу;

  • бейін мобильді телефондарға және басқа құрылғыларға арналған қосымшаларда қол жетімді болады.

Швецияда банктерге, компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге клиентті сәйкестендіруге, сондай-ақ Интернет арқылы шарттарды қашықтықтан жасасуға (қол қоюға) мүмкіндік беретін BankID жобасы – клиенттерді электрондық сәйкестендіру жүйесі іске асырылды. Жүйе қашықтан банктік қызмет көрсету жүйелері арқылы банк клиенттеріне қызмет көрсету үшін құрылды және кейіннен оны мемлекеттік органдар мен компаниялар пайдалана бастады. Осылайша, қазіргі уақытта Bank ID – сәйкестендіру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба ретінде де қолданылатын төлқұжат пен жүргізуші куәлігімен қатар электрондық сәйкестендіру құжаты.
Verified.Me – бұл Канададағы адамдардың банктік есептік деректерін пайдалана отырып, қолда бар ең маңызды онлайн қызметтерге ыңғайлы қосылуына арналған аутентификаттау платформасы. Verified.Me «Triple Blind» қағидаты бойынша теңшелген, бұл тараптардың ешқайсысы пайдаланушының конфиденциалды ақпаратын алмайтынына кепілдік береді. Есептік деректер (атрибуттары бар) есептік деректердің берілуіне қарамастан берілетін қолмен жинақталған криптографиялық кілттердің көмегімен басынан аяғына дейін шифрланады. Блокчейн де сенімділік, конфиденциалдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Ресей Федерациясында 2018 жылы Бірыңғай биометриялық жүйе құрылды, оның көмегімен жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру жүзеге асырылады, сондай-ақ қашықтықтан сәйкестендіру тетігі іске қосылды. Қазір жүйеге банктер мен сақтандыру компаниялары қосылған. Алайда, 2020 жылы Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізіліп, биометриялық сәйкестендіру арқылы қызмет көрсету ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап мобильді телефон, смартфон немесе планшеттік компьютер үшін «Биометрия» қосымшасы арқылы биометриялық дерекқорды толтыруға дайындық жұмыстары қосымша жүргізілуде. Осы қосымшаны пайдаланатын азаматтар үшін қызметтердің кең ауқымы: қашықтан банктік сервис, жоғары оқу орындарында сессияны онлайн-тапсыру, жол ақысын төлеу, спорт объектілеріне өту, шарттарды қашықтықтан жасасу және т.б. қолжетімді болады.
1-сурет. Цифрлық сәйкестендіру инфрақұрылымы бойынша ұлттық бастамаларға шолу5





    1. Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелері үшін пайдаланылатын әлемдік үрдістер


Биометриялық сәйкестендіру – бұл жүйені пайдаланушыға өзінің бірегей биометриялық атрибутын беру процесі және оны барлық қолданыстағы дерекқорлармен салыстыру процесі. Биометриялық қол жетімділікті бақылау жүйелері пайдаланушылар үшін ыңғайлы, өйткені ақпарат тасымалдағыштары әрқашан олармен бірге болады, жоғалмайды не нақты ұрланбайды.


Сәйкестендіру үшін оларды статикалық және динамикалық деп 2 топқа бөлуге болатын әртүрлі атрибуттарды пайдалануға болады.
Статикалық биометриялық атрибуттар өмір бойы адам бойынан табылатын адамның физиологиялық белгілеріне негізделген. Оларға:

  • саусақ іздері;

  • бет-әлпет;

  • көздің нұрлы қабығы;

  • қол геометриясы;

  • бет термограммасы;

  • ДНҚ;

  • және басқалар (құлақтың акустикалық сипаттамалары, тамырлардың үлгісі және т.б.) жатады.

Өз кезегінде, динамикалық атрибуттар адамдардың мінез-құлық сипаттамаларын, атап айтқанда, күнделікті әрекетті қайталау процесінде өздігінен жасалатын қимылдарды: қолжазбаны, дауысты, жүруді негізге алады.
Әртүрлі атрибуттардың сенімділік, қауіпсіздік деңгейі, жалған өткізіп жіберу және жалған бас тарту деңгейлері, сондай-ақ әртүрлі техникалық көрсеткіштері бар.
Қазіргі уақытта ондаған ел цифрлық сәйкестендіруді ұлттық деңгейде енгізуде. Халықаралық тәжірибе негізінде болашақта биометриялық сәйкестендіруді пайдалану бойынша жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдердің тізбесін анықтауға болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет