БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-2012 жылдардағы машина жасау серпіні



бет4/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2007-2012 жылдардағы машина жасау серпіні

6 сурет

2011 жылы өндірісті ұлғайту тенденциясы сақталған, онда саланың өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен (6 сурет). Еңбек өнімділігі 2010 жылғы 7,3 мың АҚШ долларын/адам қарағанда 9,1 мың АҚШ долларын/адам құрады.

Машина жасау өнімін экспорттау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге өскен және 2,5 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандағы машина жасау өніміне сұраныс импорттың есебінен қанағаттандырылады, бұл 2011 жылы облыс бойынша 52,1 млн. АҚШ долларын құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 9,7% өскен.

Машина және құрал жабдық өндіруде тек «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады. Бірқатар шешілмеген мәселелердің салдарынан кәсіпорынды дамыту қарқыны баяу болып отыр, олар: ішкі нарықтың болар болмас көлемі, жабдықтардың моралдық және нақты ескіруінің жоғары деңгейі, өндірістік қуаттырын толық пайдаланбау, бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі.

Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: қозғалыстағы темір жолдың құрылымын, оның түйіндерін және агрегаттарын күрделі жөндеумен және жетілдірумен айналысатын «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».

Темір жолдың құрылымын күрделі жөндеуге ішкі сұраныс облыста жүк вагондарының және локомативтердің тұтынушысы - «Қазақстан тeмip жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (әрі қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) қалыптастырылады. Жүктасымалдаудың өсімі және теміржол техникасы паркілерінің ескіруінің өсімі салалардың өндіріс көлемдерін арттыруға негізгі әсер етуші факторлар болып табылады. Бірақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ РМК барлық жүйесінде пайдалануға беруге 600-700 тепловоздар, жан-жақты зерттелген моторесурстар секілді жартысы есептен шығарылған, күрделі жөндеуден толық өткен парк есептелінді. Есепке алынатын паркті жаңартудан мен толықтырудан қызметінің мерзімі мен техникалық жағдайы бойынша жүк вагондарын қатардан шығару едәуір озық болып келеді, оған байланысты кәсіпорындар үшін жылсайын тапсырыс көлемі төмендеуде.

Кәсіпорынды сақтау мақсатында басшылықпен жаңа өндірістер және озық технологиялар енгізілуде. Сонымен, 2011 жылдың сәуірінен «Қамқор Менеджмент» ЖШС Шу локомотивтік зауытында жетілдендірілген «Енисей-Камкор» комбайнын жинау өндірісі іске қосылған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 43 комбайн жиналды.

2012 жылы машина жасаудың өндіріс көлемі комбайндарды жинау бойынша тапсырыстардың төмендеуінен 7,5%-ға төмендеп, 9,2 млрд.теңгені құрады. Қазыргі таңда зауыт басшысы қытай өндірісіндегі жоғары технологиялық маневрлік тепловоздар өндірісін іске асыруды жоспарлауда, осыған орай, кәсіпорында қытай өкілдерімен жинау цехын ашу мәселесі қарастырылып, кешенді жоспар әзірленді.

Сонымен, машина жасау облыс экономикасында маңызды роль атқармайтынын айтуға болады. Кәсіпорындар негізінен жинау өндірісіен айналысады. Бірақ облыста ауыл шаруашылықтық машина жасауды дамыту үшін барлық жағдайлар бар (комбайндар, тракторлар, дақылдарды қайта өңдеу жабдықтар және машиналары), өйткені өңір аграрлық-индустриалдық болып табылады және ауыл шаруашылығы өңір экономикасында маңызды орын алады. Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының нарығы импорттық өніммен толықтай қамтылған, сондықтан облыстың жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары басымды түрде ауыл шаруашылық және тракторлық машина жасауды дамытуы қажет, олардың даму стратегиясы жабдықты импорттау мүмкіндігімен қатар жаңа шет елдік технологияларды енгізуге, тәжірибе жинай отырып, жабдықтарды өз өндірісінде өндіруге бағытталады.

Электр қондырғыларын өндіруде 2011 жылы индустриаландыру картасының шеңберінде кең спекторлы пайдаланудың жарық диодтық шамдарын өндіру – жолдарды, көшелерді және саябақтарды жарықтандыратын жарық диодты шамдардан 5 есе тиімді шамдарды өндіру бойынша зауыт («Энерджи Тараз» ЖШС) пайдалануға берілді.


Металлургия

Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферроқойыртпалар, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру аса маңызды салалар болып табылады.



2007-2012 жылдардағы металлургия өнеркәсібінің серпіні
7 сурет

2007 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ашу есебінен қамтамасыз етілген (ары-қарай «ТМЗ» ЖШС), бұл өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын, яғни қара металлургияны дамытуға жол берді. «ТМЗ» ЖШС-де болат балқытуға пайдаланылатын жоғары сапалы қойыртпаларды өндіру отандық нарықта ғана емес, сыртқы нарықтада талап етіледі, ал электрлік-термостық пештердің үздіксіз өздігінен ерітілетін электродтарын алу үшін арналған электродтық масса жоғары сұраныста пайдаланылуда.

2009 жылы «ТМЗ» ЖШС-де өндірістің төмендеуі сәуір айында жөндеу үшін және тамыз айында жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды. Нәтижесінде металлургия өнімін шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құрған.

Индустриаландыру бағдарламасы өндірісті 2010 жылы 4,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 12,5 млрд.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты көлем индексі 233,4%-ға дейін жетті. Саладағы өсім біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсімімен қамтамасыз етілген, бұл 2010 жылы «Химпром-2030» ЖШС зауытын ферроқорыпа өндіруге қайта профилдеуге, болат балқыту, электркалцийлендірген антрацит өндірісін ұйымдастыруға байланысты, онда 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасында 30,3 мың тонна ферросиликомарганец өндірілді.

Кәсіпорынның басты резервтері және келешегі 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферросиликомарганецке дейін кеңейту бойынша инвестициялық жобаның 2 кезеңін әрі қарай іске асыруда түйінделген.

Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС, «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС және «Керамик инвест» ЖШС-мен ұсынылады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді. Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Темір бетондық плиталарды және фундаменттік блоктарды шығару бойынша «Керамик инвест» ЖШС болашақтың өндірісі деп атауға болады. Оңтүстікте талдауы жоқ импорттық технологияны пайдалана отырып, кәсіпорын Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолдарының құрылысына бетондық дөңгелектерді және көпір ғимараттарын өндірудің жаңа үлгісін меңгерді, майда даналы бұйымдарды шығару цехын ашты, тапсырыс берушілердің қалауы бойынша әртүрдегі және конфигурациядағы темір бетондық бұйымдарды шығара алады.

Қара металлургияның 1,5 есеге, негізгі бағалы және түсті металлдың 1,4 есеге, металл құю өндірісінің 0,9%-ға артуы есебінен 2012 жылы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, 16,4 млрд. теңгені құрады.

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновацилық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Жаңатас» «Металлургия комбинаты» ЖШС болат балқытатын цехтың құрылысын 2010 жылы аяқтады, А-О-10,12,14,16 класстағы арматура және О-6.5 катанка өндіреді және облысты шетелдік жеткізушілермен салыстырғанда қолжетімді бағамен жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қызметі маусымдық болып келеді.

Тараз қаласында қоспалы емес болат шығарумен және шойын мен болат құю бойынша қызмет көрсетумен айналысатын «Запчасть» АҚ электрометаллургия шағын зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырды.

Алтын өндіру Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен орнында шоғырланған, оның үлесінде Қазақстанда барланған алтын қорының 9%-ы сәйкес келеді. Құрамында алтыны бар кенді өңдеумен Ақбақай ТМК айналысады және олар құрамында алтыны бар концентрат, алтын және күміс шығарады.

«Ақбақай» жер асты кен орнының жылдық өнімділігі 150,0 мың тоннаны, ал ашық тау жұмыстарын жүргізетін учаскелердегі жылдық өндіріс 230,0 мың тонна топтық сілтісіздендіру үшін құрамында пайдалы қазбасы аз кен өндіреді. Ескі өндіріс орны бүгінгі таңда физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген, 2010 жылдың көктемінде шахтаның бірқатар бөліктері судың астында қалды бұл металлургия өндірісінің 6,9% төмендеуіне себеп болды.

«АК «Алтыналмас» АҚ жаңа басшылығының бірінші кезекті міндеті - өндірістік мәселелерді шешу. 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында олар алтын құрамды кенді қайта өңдеу бойынша «Ақбақай кластері» жаңа автоматтандырылған технологияларын пайдаланумен қоса жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Мемлекет Басшысына жалпыұлттық көпір кезінде презентацияланған «Ақбақай кластері» экономиканы ғана емес әлеуметтік саланы (су құбырының құрылысы, қуат жүйесін жетілдіру, жолдарды жөндеу) дамытуда да жаңа қуат берді. Облыс үшін және жалпы еліміз үшін осы маңызды жобаны іске асыру кен орындарының өнімділігін ұлғайтуға және «Доре» қойыртпасында жаңа инновациялық технология бойынша жылсайын 1,3 мың тонна бағалы металл балқытуға мүмкіндік береді.

Облыс қойнауындағы көптеген пайдалы қазбалардың ішінде мыс ерекше орын алады. Қазақстандағы мыс кенінің 3%-ға жуығы біздің облысымыздың үлесінде. Мыс кенінің базасы Қордай-Шатыркөл мысты ауданында шоғырланған және ол өнеркәсіптік игеруге дайындалған Шатыркөл және Жайсан (Шу ауданы) кен орындарымен көрініс береді.


Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыста кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы металл емес өзге минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Құрылыс материалдарының өндіріс көлемі 2007 және 2008 жылдары өскен, бірақ 2009 жылы өндіріс көлемі едәуір қысқарған. Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. Цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды. 2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарды, бұл алдағы жылдың кезеңінен 47%-ға төмен.

Индустриалды-инновациялық бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы «Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырылды, Жаңатас-1 әктас кен орны мен Жаңатастық құрылыс тастарының кен орны оған шикізат базасы ретінде қызмет етеді.

Тұрғын үй саясатын және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік берді. Күйдірілген, силикатты кірпіштер, темір бетондық бұйымдар, полиэтиленді құбырлар шығарудың жаңа өндірістік қуаттылықтары пайдалануға берілген, бұл 2010 жылы өзге метал емес минералды өнімдер өндірісін 1,6 есеге (6,1 млрд.теңге), 2011 жылы - 2,7 есеге (13,6 млрд.теңге), 2012 жылы – 1,5 есеге (22,0 млрд.теңге) арттыруға ықпал етті.

2012 жылы портландцемент өндірісі 1,7 есеге, гипс – 1,2 есеге, гипстан жасалған бұйымдар - 1,1 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар - 1,5 есеге, гипсокартон – 1,1 есеге, бетон - 1,2 есеге, граниттен жасалған плиталар – 1,6 есеге өскен.

ҮИИДМБ шеңберінде 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек. Кәсіпорынның қызметі маусымдық болып келеді.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында цемент зауытының құрылысы бойынша 2 инвестициялық жоба іске асырылды, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Мынарал Тас Компани» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылы Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ. Зауытты дамытудың ғылыми-технологиялық стратегиясы өндірістің тек құрғақ технологиясын пайдалануда болып келеді, бұл қауіпті қалдықтар санын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірістің толық циклі мәселесі шешілген - шикізатты өңдеуден, оны қайта өңдеуден, тұтынушыларға дайын өнімді жеткізуге дейін. Бүгінгі таңда ылғал әдісі басым Қазақстан үшін бұл инновациялық әдіс болып келеді.

Бүгінгі таңда «ACIG» АҚ өнім шығаруға кіріспеген. негізгі себептері - КХР-нан бас мердігерімен келісім-шарттың орындалмауы, жобалық компанияның акционерлерінде қаражаттың тапшылығы, жобалық компаниядағы менджменттің әлсіздігі, теңгенің құнсыздануы және зауыттың құрылысының ұзақ мерзімінің (5 жылдан астам) салдарынан "ҚДБ" АҚ несиесі бойынша қарыздардың өсуі болып табылады. Мемлекет тарапынан жерқойнауын пайдалануға және темір жол желісін жүргізуге құқық беру түрінде қолдау көрсетілді. бұл жоба "ҚДБ" АҚ-нан "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-на берілді.

2011 жылы темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС), 2012 жылы - кірпіш зауытының құрылысы («Аян и Л.Б.» ЖШС, «База-Servis» ЖШС), 2013 жылы – полиэтиленді құбырларды және тамшылап суғаруға арналған құбырларды өндіру («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді. Озық технологияларды пайдалану «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-де ауыл шаруашылығында тамшылап суару үшін полиэтиленді құбырларды өндіруге, құрылыс индустриасында газбен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Экологиялық, коррозияға қарсы, жеңіл құрастырылатын жоғары өткізу қабілеттілігі бар және қолайлы бағадағы құбырлар.
Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Өндіріс көлемі 2009 жылы 325,8 млн. теңгені (НКИ - 112,1%) құрады.

Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет