БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің серпіні



бет3/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2007-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің серпіні

2 кесте

Өнімнің атауы

өлшем бірлік

жылы

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Тамақ өнімдерін өндіру

ет және тағамдық қосымша өнімдер

тн

4 863

5 119

5 284

6 783

5 557

5 927

шұжық өнімдері

-/-

5 260

5 320

8 023

4 386

4 313

3 445

тазартылмаған күнбағыс майы

-/-

2 506

1 816

2 069

3 328

1 914

958

өңделген сүт

-/-

7 064

7 936

7 868

9 268

7 644

7 740

сары май

-/-

923

1 023

1 013

1 074

966

989

ірімшік және сүзбе

-/-

1 825

1 563

866

704

431

492

дәнді дақылдар мен өсімдіктерден жасалған ұн

мың тн

108,1

42,3

35,6

36,2

40,4

43,6

жаңа піскен нан

-/-

40,3

40,3

45,0

29,8

43,6

43,8

макарон, кеспе және ұн өнімдері

тн

3 026

3 062

1 959

2 764

3 794

6 017

қант шикізаты немесе тазартылған қант

мың тн

302,4

337,3

225,3

218,9

178,9

135,4

арақ және ликерлі арақ өнімдері

мың л

545,1

427,7

800,2

1 081

1 212

871

алкогольсіз сусындар

-/-

409,6

264,8

950,1

1151,1

1 012,7

1 690,7

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

сары фосфор

мың тн

70,2

80,3

35,1

62,5

85,2

86,4

ортофосфор қышқылы

-/-

41,9

79,0

43,9

43,8

77,7

55,9

натрий үшполифосфаты

-/-

46,5

84,0

46,8

45,6

86,2

57,5

азотты, минералды тыңайтқыштар

-/-

7,9

6,8

7,8

7,4

11,5

11,9

фосфорлы, минералды тыңайтқыштар

-/-

38,6

44,9

42,8

40,7

62,9

64,6

Машина жасау

тұрмыстық кір жуу машиналары

шт.

83

70

55

65

43

71

жуылған киімді сығуға арналған машиналар

-/-

93

36

42

20

50

48

Металлургия өнеркәсібі

ферросиликомарганец

тн

6,6

12,9

9,6

12,3

30,3

50,6

өңделмеген күміс

кг

71

92

125

91

302

404

өңделмеген алтын

-/-

405

415

561

315

769

1 104

құрама құрылыстық металл конструкциялары

мың тн

23,2

21,9

13,8

17,0

23,7

24,8

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

құрылыс кірпіштері


мың

текше м


83,9

116,4

60,8

43,3

33,9

19,0

портлантцемент

мың тн

59,5

40,5

0,2

41,2

574

1 002,3

бетоннан жасалған құрама құрылыстық конструкциялар

-/-

74,6

37,1

28,4

26,2

26,4

27,2

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

мотор отыны

мың тн

4,9

11,9

18,1

22,6

13,9

14,8

газойльдер (дизельдік отын)

-/-

8,9

7,7

7,0

6,8

41,0

94,1

оттық мазут

-/-

1,2

2,5

3,1

4,9

46,3

126,7

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

жүн

тн

1 839

616

853

1 543

1 596

574

трикотаждан басқа ерлер мен ұл балаларға арналған сырт киімдер

дана

3 188

580

846

7 487

3 349

1 827

трикотаждан басқа әйелдер мен қыз балаларға арналған сырт киімдер

дана

9 787

3 644

4 808

3 549

2 254

1 222

2 кестеден көргендей, соңғы бес жылда (2007-2010 ж.ж.) азық-түлік өнімдерін (ірімшік, сүзбе, ұн, қант-шикізаты, арақ, және ликерлі арақ өнімдері, алкогольсіз сусындар), химия өнеркәсібінде (сұраныстың қысқаруынан – сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын өндіру), металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда және өзге металл емес минералды өнімдер (құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар, тұрмыстық машиналар мен құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен) өндіруде көлемдер айтралықтай қысқарған.

Бірақ, 2010 жылы сары фосфорды, ет, сүт, ұн, арақ бұйымдарын, ферросиликомарганецті, құрылыстық жиналмалы металл қондырғыларын, цементті, мұнайды қайта өңдеу өнімдерін, мотор майын, отын мазутын, трикотаж киімін өндіруде өсім қарқыны байқалуда.

Сонымен қатар, дайын өнімнің өз құнын арттырудың салдарынан дайын өнімді өткізудің төмендеуіне және сұраныстың қысқаруына байланысты 2009 жылға қарағанда ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, минералды тыңайтқыштарды өндіру; алтын шығаратын фабриканы жаңғыртуға және жетілдіруге байланысты - өңделмеген күміс және алтын өндіру; шикізатты жеткізудің тұрақсыздығына байланысты – қант, ірімшік және сүзбе, күнбағыс майы және сары май өндіру елеусіз төмендеген.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Имсталькон» АҚ-ның ЖМКЗ бөлімшесі «Ақбақай КМК» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «Казтрансгаз» АҚ, «Мақсат А» АҚ компаниялары секілді өңдеу саласының кәсіпорындары өнеркәсіп өнімдері өндірісінің негізгі көлемдерін берді.

2011 жылы сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий триполифосфатын, минералды тыңайтқыштар, дизель отыны, мазут, металдан құрылыстың құрама қондырғылары, цемент, гипс, бетон, ферросиликомарганец, күміс, алтын, жүн, арақ бұйымдары өндірісінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

«SUPER PHARM» ЖШС 2011 жылы Өңірлік индустриаландыру Картасы шеңберінде тоқыма емес матадан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру бойынша зауытты, 2012 жылы - «Карат-V» ЖШС жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу желісі (цех) бойынша инвестициялық жобаны іске қосты.

2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерінің төмендеуіне қарамастан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Kaz-Ir-Agro», ЖШС, «Куликовский молочный продукт» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «SUPER PHARM» ЖШС, МынаралТасКомпани» ЖШС, «АльБасар» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «АК «Алтыналмас» АҚ, «Запчасть» АҚ, «Бином Строй-Деталь» ЖШС, «Карат-V» ЖШС секілді индустриаландыру кәсіпорындарын пайдалануға беру және жетілдендірілген кәсіпорындардың өндірісін ұлғайту ет өнімін өндіру көлемдерінің 6,7%-ға, өсімдік майын - 3,4 есеге, сүт - 1,3%-ға, сары май - 2,4%-ға, ірімшік және сүзбе - 1,1 есеге, ұн өнімдерін - 1,6 есеге, мұнай дистилятын - 2,3 есеге, фосфор - 1,4%-ға, фармацевтік препараттарды - 9,3 есеге, портландцемент - 1,7 есеге, өңделген тастан жасалатын бұйымдарды – 1,1 есеге, өңделген гранит - 10 есеге, ферросиликомарганец 1,7 есеге, күміс - 13 есеге, алтын - 1,4 есеге, құрама құрылыс металл конструкцияларының - 4,6%-ға өсуін қамтамасыз етті.


Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі – Жамбыл облысында барынша дамыған сала, оның облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2009 жылы 24,5%-ды, ал жалпы облысы өндірісіндегі үлесі – 18,7%-ды құрайды. Химия өнеркәсібінде облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 1,4%-ға жуығы жұмыс істейді. Инвестиция көлемі 2009 жылы 1,4 млрд.теңгені құрады.



Облыстағы Қаратау фосфориттік бассейнінде біздің республикамызда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде теңдесі жоқ фосфат шикізатының өте ірі қорлары бар. «Казфосфат» ЖШС компаниясы 2012 жылы республикадағы химия өнеркәсібінің жалпы көлемінде 27,5%-ды және облыс құрылымында 97,3%-ды құрайды. Оның құрамында фосфарит өндіретін және оны өңдейтін «Қаратау» ТӨК мен «Шолақтау» ТӨК-і, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты өндірістік бірлестігі, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты жұмыс істейді (3 сурет). Облыстың химия саласының негізі – құрамында фосфоры бар шикізат өндіру, тыңайтқыштарды қоса алғанда құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру болып табылады.
Қазақстандағы минералды шикізаттар

мен минералды тыңайтқыштар өндіру

3 сурет

Химия өнеркәсіптерінің қуаттары республиканың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға да мүмкіндіктері бар. Алайда, 2009 жылы әлемдік дағдарыс салдарынан машина жасаудағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, Евроодақтағы сары фосфор өніміне деген сұраныстың күрт төмендеуінен сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар бағасының (3-3,5 есеге) төмендеуінен, электр қуаты (50%), табиғи газ (23%), электр қуатын тасымалдау (17%), сондай-ақ теміржол тасымалы бағасының өсімінен химия өнімдерін өндіру төмендеді. Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында оның салдары төмендетілді. 2010 жылы химия өнеркәсібін шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,9% - ға артқан және 29,0 млрд. теңгені құрған, оның үлесі өңдеу өнеркәсібі саласында 30%-дан астамға жеткен. Өнімнің негізгі түрлерін өндіруді арттыру байқалуда, 2009 жылғы 35,0 мың тоннаға қарсы 62,5 мың тонна фосфор шығарылған.


2007-2012 жылдардағы химия өнеркәсібінің серпіні

4 сурет

2011 жылы химия өнеркәсібінің өндірісін ұлғайту жалғасуда. 49,3%-ға өндіріс көлемінің өсімі натрий үшполифосфатын өндіруді 1,9 есеге, ортофосфор қышқылын - 1,8 есеге, минералды тыңайтқыштарды – 1,5 есеге, сары фосфорды - 1,4 есеге өсіру есебінен қамтамасыз етілген. Жоғары шектегі химия өнімін экспорттау 151,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 1,1% артық.



2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда химия өнімінің нақты көлем индексі 90,9%-ды құрады (50,7 млрд.теңге). Талдау нәтижесінде жұмыс қарқынының төмендеуінің негізгі себебі фосфор өніміне сұраныстың төмендеуі, ортофосфор қышқылы (28%-ға), натрий үшполифосфаты (33,3%-ға) көлемінің қысқаруы, күкірт қышқылының жоқтығы болып табылатындығы анықталған.

Химия саласын дамыту мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті болып саналады. Оның келешегі фосфориттерді әрі-қарай дамытумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемін өсірумен және өнімнің түр-түрін кеңейтумен байланысты. Бұл жерде жылдармен қалыптасқан ресурстық, кадрлық, технологиялық, инновациялық әлеуеті бар.

Химия кластерін дамыту үшін бірнеше келешегі бар жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим» ЖШС және «Тараз» Химия паркі» арнайы экономикалық зонасы.

Индустрияландыру картасының маңыздылығын арттыру мақсатында 2012-2013 жылдары «Казфосфат» ЖШС Тараз қаласында натрий гексаметафосфат және тағамдық фосфаттар өндіру бойынша инвестициялық жобаны және өзінің күкірт қышқылы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында күкірт қышқылы цехының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асырды.

Қазақстан Республикасында 2008 жылы құрылған және «ЕвроХим» Холдингісына кіретін «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-і Жамбыл облысы аумағындағы Каратау бассейні кен орнында өз қызметін жүзеге асыруды жоспарлауда. Облыста компанияның жұмысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді. Қазақстандық газды пайдалана отырып, азоттық өндіріс құрылысының мүмкіндігі жобаның аса маңызды аспектілері болып табылады, бұл Республиканың Өзбекістаннан аммиакты жеткізуге тәуелсізділігін қамтамасыз етеді.

«ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-і Жаңатас қаласының аумағында кен өндіру кешенінің құрылысын (Көкжон кен орнының фосфориттік кенін (Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелері) және Гиммельфарб зауытының және Қаратау қаласындағы минералды тыңайтқыштар шығару зауытының, минералды тыңайтқыштардың кең гаммасын шығару бойынша өндірістік қуаттылығының құрылысын жоспарлауда. Жобаның жалпы инвестициясы 2,4 млрд. АҚШ долларының астамын құрады. 2000 жаңа жұмыс орындары құрылады.

Ірі ресейлік профильдік компаниядан тартылатын инвестицялардың есебінен осы жобаны нәтижелі іске асыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын барлық тыңайтқыштар гаммасымен: азоттық, фосфорлық, калий, кешендік қамтамасыз етуге және қолданыстағы егін алаңдарының өнімділігін едәуір ұлғайтуда өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыруға, сонымен бірге, жаңа жерлерді ауыл шаруашылық айналымына тартуға мүмкіндік береді. Зауыттың өнімі алыс және жақын орналасқан шет елдеріне экспортталатын болады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша арнайы экономикалық аймақты дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба облыс бойынша ғана емес жалпы Қазақстан бойынша химия индустриясын дамытуда басымды жобалардың бірі болып табылады.

"Самұрық - Қазына" ұлттық әлауқат қорының қатысуымен "Тараз" Химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС-мен жоғары тиімді технологиялардың негізінде экспортқа бағытталған жаңа химия өнімін өндіру болап табылады.

2013-2016 жылдар аралығында индустриалдық аймақтың құрылысын және өндірістің бірінші кезегін, 2017-2025 жылдар аралығында өндірістің екінші кезегін пайдалануға беруді қарастыратын химия өнімін өндіру бойынша кластерді құру құны 20,5 млрд.теңгені құрайтын "Каустикалық сода және хлор өндірісі", "Үшхлорлы фосфор өндірісі" (6,0 млрд.теңге), "Глифосат (гербицид) өндірісі" (13,0 млрд.теңге), "Синильдік қышқылының және натрий цианидінің өндірісі" (18,7 млрд.теңге) секілді инвестициялық жобаларды өндіруге мүмкіндік береді. Аталған өндірістерге қызмет көрсету мақсатында жобаға дамыған индустриалдық инфрақұрылымның, қоймалық және қосымша ғимараттар, сервистік нысандар құрылысы қосылған, көлік-логистикалық басқару және т.б. қарастырылған. Алдын-ала бағалау бойынша АЭА инфрақұырлымына салынған инвестиция шамамен 33,3 млрд. теңгені құрайды. Қаржылай инвестициядан басқа өңірде қосымша 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылады.

Химиялық парк ол химия өндірісін ұйымдастырудың аса тиімді және қауіпсіз формасы және табиғатты қорғау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізбейді.

"Тараз" Химиялық паркі" АЭА-ның айырмасы инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағыттылған арнайы экономикалық аймақтың режимін қабылдау болып табылады және өңірді жалпы әлеуметтік-экономикалық дамытудың жаңа үлгісіне шығуға мүмкіндік береді.

Озық технологияларды пайдалана отырып химиялық кластерді дамыту еліміздің химия өнеркәсібін дамытуға, қазақстандық үлесті өсіруге, шикізат (күкірт қышқылын) жеткізушілерге тәуелділікті жоюға, шығарылып жатқан тауарлардың сапасын жақсартуға, ең бастысы қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдің экологиясын жақсартуға, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өз құнын төмендетуге мүмкіндік береді.


Машина жасау

Машина жасау саласы республика көлемінің шамамен 0,1% болмашы үлесін, облыс өнеркәсібінің - 5,3% және өңдеу саласының 7% құрайды.

Қазіргі таңда машина жасау экономикалық қызметтің келесі түрлерін қамтиды: компьютерлер шығару, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр қүралдарының өндірісі; басқа категорияларға енгізілмеген машина және құрал жабдық өндірісі; автокөлік құралдарының, трейлер мен екі доңғалақты тіркемелер өндірісі.

Салада кір жуу техникалары – тұрмыстық немесе кір жуатын үйлер үшін сыйымдылығы 10 кг құрайтын кір жуу машиналары; кір сығуға арналған машиналар басымды шығарылуда.

Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 7,3%-ға, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда – 31%-ға. 2009 жылы 2008 жылға қарағанда – 8,5%-ға төмендеген.

Дағдарысқа қарсы іс-шаралардың, мемлекеттік қолдаудың арқасында 2009 жылға қарағанда 2010 жылы салада 3,8%-ға өсім байқалуда. (6 сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет