Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.
95. Дескрипторлық мақсат негізінде объективті бағалауды талқылаңыз.
Дескрипторлар – оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белігілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады. Дескриптор (descriptor-опиатель) – сипаттауыш деген мағынаны береді.
Көрсетілген критерийлерге тапсырма түріне байланысты дескрипторлар ауысып отырады.Дескриптор бойынша оқушының білімі пайыздық көрсеткішпен аңықталып,5 баллдық баға жүйесімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |