Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық бағалау мақсаттары арасындағы айырмашылық қай жылдардан бастап белгіленген және олардың ерекшелігін сипаттаңыз



бет3/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

2. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық бағалау мақсаттары арасындағы айырмашылық қай жылдардан бастап белгіленген және олардың ерекшелігін сипаттаңыз.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзыреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның деке тұлғалық қасиеттерін дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда.

Еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқытудың Кембридждік Бағдарламасы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабыллдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинауқтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.



Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немсе қорытынды сынақ жұмысы), оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге көмектесіп, мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі қалыптастырушы бағалаумен салыстырғанда оқушының қызығушылығын оята қоймайды және баланы алға жетелеуді көздемейді.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндк береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезінуді жүктейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет