Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет87/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
Тапсырмалар орындалмаған



Сабақ түрі

Балл

Критерий



Теориялық сабақ

5

Теориялық материалды жүйелеу, педагогикалық жағдайларды талдай білу, қосымша материалдарды пайдалану, қала және ел мұғалімдері мен тәрбиешілерінің практикалық жұмыс тәжірибесін пайдалану, тақырып бойынша бақылау сұрақтарын қалыптастыру, презентациялар жасау

4

Толық мазмұнды жауап: теориялық материалды білу, мысалдарды келтіру, презентация жасау, қосымша материалды пайдалану

3

Теориялық білім жүйесіндегі кемшіліктер, ойлау дербестігі, бірақ практикалық педагогика саласындағы жеткіліксіз дәлелдер. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарын құрастыра білу.

2

Теориялық білім бытыраңқы, тұрмыстық білім мен тәжірибе деңгейінде практикалық тапсырмаларды орындау. Презентацияны жасау шеберлігі




1

Оқу құралынан тапсырмаларды орындау, педагогика теориясы мен практикасы саласындағы дәлелдердің жеткіліксіздігі.




0

Тапсырмалар орындалмады



59. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында LESSON STUDY –ді қолдану әдістемесін түсіндіріңіз

Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады, және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Топтар әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ практиканы жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгіленген тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер шақырылуы мүмкін. Сонымен бірге барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, топ өзіне ол үшін жауапкершілік алады және кез келген оқыту мен сабақты бағалау жеке мұғалімге ғана емес, тұтас барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study-дің тағы бір демократиялық ерекшелігі, мұғалімнің жинақтаған білімімен ауқымды педагог қауыммен бөлісуі болып табылады. Уақыт өткен сайын Lesson Study үдерісінде қалыптасып, бекітілген бірқатар қадамдар бар: Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады. Топ зерттеудің сұрақ түрінде ресімделген түйінді идеяларын келіседі және нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Олардың оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің мүмкіндіктерін анағұрлым тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз». Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады. Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады. Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып, оны жоспарлайды. Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады. Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізеді.

Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді: жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау; тұтас сыныпты оқыту; зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі; белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын қою. келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет