Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Ішкі жиынтық бағалауда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды түсіндіріңіз



бет34/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

21. Ішкі жиынтық бағалауда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды түсіндіріңіз.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз. Критериалды бағалаудың моделінің үш түрі 1.қалыптастырушы бағалау,2.ішкі жиынтық бағалау,3.сыртқы жиынтық бағалау.Бағалаудың моделінің түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады,атап айтсақ қалыптастырушы бағалау күнделікті пайдаланған жағдайда ішкі жиынтық бағалаудың сапасы артады. Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан аяғында тоқсан мақсатының жетістіктерін қорытындылауға арналған бағалау тестілеу үлгісінде өткізіледі. Сыртқы жиынтық бағалау мектептен тыс ұйымдардың тәжірибелі мамандары тарапынан құрылған тест, сынақтар арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау алдын-ала бекітілген критерилерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Критериалды бағалауда оқушылар бағасының әділ екендіген қол жеткізе отырып өздеріне өзі баға бере алады. Оқу нәтижесіне жетуде танымдық қабілеттерін арттыру үшін және де өмірге бейімдеу үшін, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алатындай, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып дағдыларын қалыптастыру. ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ: Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс. Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет