Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Бағалаудағы тесттілеу тәсілі және тестің түрлері, оның құрастырылу әдістемесін түсіндіріңіз



бет36/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

23. Бағалаудағы тесттілеу тәсілі және тестің түрлері, оның құрастырылу әдістемесін түсіндіріңіз.

ТЕСТ (англ. test — сынау, тексеру, талдау)– психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Тестілеудің артықшылықтары: Тестілеу барынша сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі. Оның объективтілігі – тестілеу үрдісінің стандартизациялау және тапсырмалардың жалпы тестердің сапасын көрсету жолымен жүзеге асады. Тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.; Тестер – барынша әмбебап болып табылады, себебі ал ауызша емтиханда 2 — 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 — 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет