Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері



бет35/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
багалау отв.экз

Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: (Диалог негізінде оқыту мен оқу тәсілі оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана тәсілі оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.)

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: (оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту)

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. (Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.)

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. (ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.)

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. (Осы модуль аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.)

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. (бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.)

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық. (Модульдің негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет