Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында LESSON STUDY –ді қолдану әдістемесін түсіндіріңіз



бет43/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
багалау отв.экз

59. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында LESSON STUDY –ді қолдану әдістемесін түсіндіріңіз

LESSON STUDY

Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бері танымал бола бастады.Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады, және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.Lesson Study циклінен кейін (әдетте үш немесе одан көп) топ оқу тәсілдері мен оқу бағдарламаларындағы қабылданатын және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі. Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. Оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді бүкіл топ мүшелері зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бірден жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлесе жұмыс қайта жоспарланады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет