Оқушылардың өзін-өзі бағалаудың дамыту жолдары: Бағалаудың тиімділігі-ынталандыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру; Жасаған еңбегінің жемісін көрсету; Олардың жетістіктерін атау, мадақтау; Нұсқауды мәлімдеу — балаға нені оқыту керектігі мен қалай оқыту керектігін анықтау; Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне ықпал етуі керек. Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімнің арасын байланыстыру
Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.