Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтарды сипаттаңыз



бет64/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
багалау отв.экз

Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтарды сипаттаңыз.

Орта білім – ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы. Орта білім жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы орта білім ежелгі Грекия мен Римде белгілі болғанмен, Батыс Еуропада классикалық мектептер 'XV – XVI ғасырларда ғана орнықты. Ал реалдық білім беретін орта оқу орындары XVIII ғасырда пайда болды. Реалдық училищелерде негізінен жаратылыстану ғылымдары және шет тілдері оқытылды. Жалпы Орта білім саласындағы осы екі бағыт (классикалық және реалдық) XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде жаппай етек алды. Қазіргі жалпы орта білім жүйесіне ана тілі, әдебиет, математика, биология, физика, химия, география, тарих, шет тілі, т.б. пәндер кіреді. Арнаулы орта білім жеке бір мамандықты игеруге қажетті ғылымдар негізін, теориялық және практикалық білімдерді, кәсіптік дағдылар мен шеберлікті меңгеруді қамтиды. Қазақстанда, т.б. ТМД елдерінде бірыңғай оқу бағдарламасы, оқу жоспары, ұйымдастыру жүйесімен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептер құрылған. Кейбір елдерде (мысалы, АҚШ-та) орта білім әр түрлі типті мектептерде беріледі. Жалпы және арнаулы орта білім жоғары оқу орындарына түсуге құқық береді.

  • Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
    1. Жалпы ережелер
    1. Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
    2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:
    1) осы стандартқа;
    2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
    3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.


  • 3. Стандартты қолдану:


    оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
    қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
    білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруін және алған білімдерін қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдана білу іскерлігін дамытуды көздейтін негізгі орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
    білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
    білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары
    мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзарамен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға;
    балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
    орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
    білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
    білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
    4. Стандарт:
    білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
    негізгі орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
    оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
    білім алушылардың оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшем шарттарын;
    білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
    білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
    білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін материалдық-техникалық, ақпараттық-
    коммуникациялық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;
    білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау
    параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
    Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әр түрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
    Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
    1) негізгі орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
    2) сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
    3) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын негізгі орта білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
    4) үлгілік оқу жоспары –оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
    5) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті –білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
    6) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

  •  

элективті курс – білім алушының таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім алу дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарындағы вариативті компоненттің құраушы бөлігі;
8) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
10) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
11) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;
12) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгілер;
13) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
14) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
15) білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
7.
8.
9. 10.
«Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде белгілі бір білім беру саласына енетін оқу пәндері бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түрінде білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.
«Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында міндетті оқып білуге жататын негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.
«Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, топтарға бөлу үшін сыныптың толымдылығы көрсетілген.
Стандарт қолданысқа кезең-кезеңімен енгізіледі:
1) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5, 7-сыныптарда;
2) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 6, 8-сыныптарда; 3) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9 (10) сыныптарда.
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылаты



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет