Оқытуды бағалау стратегиялары (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, баға қою жөніндегі кері байланыс) бағалар жөнінде түсініктеме беруді түсіндіріңіз.
Өзін-өзібағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл – орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерінің қолданылуы. Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзібағалау және өзарабағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді.
Өзара бағалауды қолдану ол мұғалім журналға баға қоймайды деген сөз емес, әрине, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарап, оған түсініктеме беріп отырады. Бірақ кей жағдайларда оқушылар өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізе алады, ал кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады. Мақсат мұғалімнің орнын алмастыруда емес, оқушыларға жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын түсінуге көмектесуде екендігінде.
Бағалау мұғалімдерге:
сапалы білім алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді.
Ал оқушыларға:
өзара бағалау кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді.
сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.