Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 24.03.2017
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Наурыз- көктем мерекесі
Мақсаты: мазмұны бойынша әңгімелесуге үйрету; балалардың өз сөзімен суреттеп, сөйлей білу қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралда: жұмыс дәптері
Қолданылатын көрнекті құралдар: қазақша киінген қуыршақ, керме шымылдық (ширма), үнтаспа, қазақтың оюлары, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмысы: тобылғы.
Билингвальды компонент: көктем – весна, үстел – стол, домбыра – домбра.
Оқу іс-әрекетінің кезендері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мовациялық-
қозғаушылық
|
-Бүгін зерек болып, алғырлық танытқан балаларға мына оюлар сыйға беріліп отырады. Алдын ала педагог дайындаған «Ботагөз», «Қошқармүйіз», «Құс қанаты», «Қызғалдақ» оюлары сұраққа жауап берген әр балаға беріліп, сабақ соңына кімге ұанша ою бар екені анықталып, марапатталынатынын айтады. Топ бұрышына кішкене керме шымылдық құрылады.
|
Балалар педагогті мұқият тындайды.
|
Ұйымдастыруылық-ізденістік
|
Педагог балалрға өнер туралы түсінік беріп өтеді.
-Қазақ халқында өнер көп. Соның бірі – айтыс өнері. Айтыстың түрлері көп, соның бірі – жұмбақ айтыс. Ал бізге бүгін ақын Сара апамыздың жолын қуған Кәмшат атты қыз жұмбақ айтысымен келіп отыр. (Үнтаспадан Кәмшаттың дауысы қосылады).
-Сәлеметсіндер ме, балалар. Менің атым – Кәмшат. Менің бүгін сендерге ұлттық киім киіп, қонаққа келгенім тегін емес. Себебі жақында мерекесі болады.
|
Кәмшат. Қош келдің
Балалар Кәмшаттың жұмбақтарын мұқият тыңдайды.
Жауабын білген бала қол көтеру арқылы
|
|
-Мен қазір жұмбақ жасырамын, егер жұмбақтың жауабын білесіндер, айтындар. Дұрыс жауабы табылған жағдайда мен келесі жұмбаққа көшемін. Егер дұрыс болмаса, жасырылған бұйымды сипаттауды жалғастырамын.
Жұмбақ
Бір ауызды бұйым бар,
Тіктөртбұрыш пішінде.
Затынды аман сақтайды,
Салып қойсан ішіне.
Көлемі болар әртүрлі
Орташа, үлкен, кіші де.
Оюлар зерлеп жасалған,
Қызығасың түсіне.
Айтындаршы, бұл не зат,
Көрпе жинайтын үстіне?
Төрт аяқты қатты зат,
Беті тегіс, дөңгелек.
Үйімізде қолданар,
Заттың бірі ең керек.
Сол бір заттың үстіне
Дәмді тағам толады.
Дәм татам деп шетіне
Жайғасады қонағы.
Аласа биік түрі бар,
Бұл қандай зат болады?
Мойны ұзын, әдемі
Бар оның қос құлағы.
Он тоғыз перне мойынында,
Тізіліп қатар тұрады.
Екі ішектен естілген,
Үні қандай ұнамды.
Әр қазақтың үйінде
Төрде ілініп тұрады.
Кеудесі қандай аспап болады?
|
қуыршақ Кәмшатты тоқтатып, жауабын айтады.
Балалар домбырамен «Еркем-ай» әуеніне салып, жұмбақтың жауабын айтады.
Еркем,еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Бұл жұмбақтың жауабы,
Сандық болады екен-ай.
|
|
Тобылғыдан жасалған,
Алты тұтам сабы бар.
Он екі, сегіз, төрт таспа,
Өрімдері тағы бар.
Екі қатар таспамен
Сабы оралып торланған.
Ата-бабам бұл затты,
Ат үстінде қолданған.
Кім табады жауабын,
Жұмбағымның жолданған?
Ой, балалар, жұмбақты жақсы
шешеді екенсіндер. Сол үшін сендерге Наурыз мерекесі туралы айтып берейін:
Наурыз – шығыс күнтізбесінде Жаңа жыл басы деп саналады. Науырыздың 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі.
Наурыз – жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, халық қастерлейтін, бірігіп тойлайтын күн.
Ал енді өздерің отбастарыңда бұл тойды қалай өткізесіңдер, соны айтып беріңдер.
Сендер мерекеде наурызкөже пісіресіңдер ме?
Оны кім пісіреді? Оған не қосады?
Педагог қуыршақ Кәмшатты отырғызып, тақтаға Наурыз мерекесіне байланысты суреттер іледі.
Наурыз қай мезгілде келеді?
Педагог балаларға шығармашылық әңгіме құрастыруды ұсынады.
|
Балалар өз отбасыларында бұл мерекенің қалай өтетінің туралы әңгімелеп береді.
пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосылады. (Оларды педагоктің көмегімен айтады.)
келеді.
Балалар өз ойларынан шығармашылық әңгіме құрайды.
өтеді.
барлығы өте көңілді жүреді.
|
|
Билингвальды компонент: көктем –весна, үстел – стол, домбыра – домбра.
Тобылғы – ағаш. Оның бұтағынан қамшыға сап жасайды.
Сергіту сәтті:
Сергіту жаттығуларын үнтаспадағы ұлттық әуенмен («Қаражорға», «Айгөлек») жасатуға болады.
«Бір сөзбен ата» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: сұраққа жедел жауап беру көзделеді. Педагог бірнеше сөз айтады да, қолындағы добын кез келген балаға лақтырады. Доптын қағып алған бала сол айтылған көп сөздердің бір сөзбен қалай аталатындығын айтып, допты кері педагогке лақтырады.
Өрік, шие, алмұрт.
Түлкі, қоян, қасқыр.
Шай, май, тұз.
Бет, мұрын, аяқ.
Қауын, қарбыз, сәбіз,
Үйрек, қаз, тауық.
Қызыл, жасыл, сары.
Әке, әже, шеше.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі №14 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді.
|
құстар жылы жақтан ұшып келеді, малдар төлдеп, төлдерімен жайылып жүреді. Адамдар ұлттық киімдер киіп алады. Сөйтіп, Наурыз мерекесін тойлайды.
Қайталайды.
Балалар ұлттық әуенге би қимылдарын жасау арқылы бойларын сергітеді.
Жемістер.
Аңдар.
Тағамдар.
Дене мүшелері.
Көкөністер.
Үй құстары.
Түстер.
Отбасы мүшелері.
Тапсырманы орындайды.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
Балалардың қолындағы оюлар саналып, ең зерек те алғыр бала марапатталады. Балаларға үйден ата-аналарынан «жеті атасын» сұрап білу және жаттап келу тапсырылады.
Қуыршақ балалармен қоштасып кетеді.
|
Балалар педагог ұсынысына қуана келіседі.
Балалар қуыршақ Кәмшатпен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жұмбақ айтысқа жұмбақ айтыспен жауап беруді, өз ойларыннан шығармашылық әңгіме құрауды.
Түсінеді: қазақтың салт-дәстүрлерін, қамшының сабы тобылғы ағашы екенін.
Қолданады: заттарды топтан айты білу дағдыларын.
Достарыңызбен бөлісу: |