Қорғау шараларының тиімділігін есептеу оның сапасы мен қажеттілігіне баға беру үшін керек. Қорғау шараларының бағалауда тиімділіктің 3 түрін қоладанады: биологиялық, шаруашылық және экономикалық.
Қорғау шараларының биологиялық тиімділігін пестицидтермен өңделген танаптардағы (ағаштар отырызылған жерлерде) және бақылау (контроль) алаңдарда өсімдіктің зақымдалуын немесе зиянкестердің санын салыстра отырып бағалайды. Бақылау алаңы болып осы танаптың өңдеу жұмыстары жүргізілмеген бөліктері саналады. Есепке алу жұмыстары бір мезгілде жүргізіледі – өңдеуге дейін және өңдегеннен соң. Бақылау мен өңделген учаскелердегі шараның әсерін (Эб) пайызбен келесі формуламен анықтайды:
,
ВК – өңделмеген жердегі зиянкестің таралуы немесе саны, немесе аурудың дамуы; В0 – өңделген жердегі зиянды организмдердің көрсеткіші.
Студент биологиялық тиімділіктің мәліметтерімен ұстазды таныстырады, есептейді және 91 кестеге кіргізеді.
88-кесте. Өсімдік қорғау құралдарының биологиялық тиімділігі
Препарат
|
Зиянды нысандардың саны, % немесе дана/ м2
|
Биологиялық
тиімділік, %
|
Өңделгеннен соң
|
Өңделмеген алаң
|
|
|
|
|
Әдетте шаруашылық тиімділікті (Эш) өнім өндірудегі қолданылған шаралар кешенін есепке ала отырып бағалайды. Бұл жағдайда өңделген жерден (бақтан) және бақылау учаскесінен жиналған бункерлік өнімді салыстырады. Бақылау учаскесіндегі өнімді 100 %-ға ала отырып абсолюттік көрсеткішпн немесе пайызбен көрсетеді. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
,
У0-өңделген жердің өнімі, т/га; УК - бақылау учаскесінің өнімі, т/га.
Нәтижесін 89 кестеге кіргізеді.
89-кесте. Қорғау шараларының шаруашылық тиімділігі
Көрсеткіш
|
Сипаты
|
Дақыл
|
|
Препараттың атауы
|
|
Бақылаудағы 1 га өнімі, т/га
|
|
Өңделген жердің 1 га өнімі, т/га
|
|
1 га алынған қосымша өнім, т
|
|
Шаруашылық тиімділік, %
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |