Бағдарламасы мен әдістемелік нұСҚаулары нұр-Сұлтан 2022 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


КІРІСПЕ 5 1 тәжірибенің мақсаты мен міндеттері



бет2/14
Дата21.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146906
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
МУ по произ практике каз (2)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1), 2 5325882729781268778
КІРІСПЕ

5

1 тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

6

2 тәжірибені Өтетін оРЫН

7

3 тәжірибені ұйымдастыру

7

4 тәжірибенің мазмұны

9

5 ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ӨТКЕНДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІҢ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10

6 Өндірістік тәжірибенің есебін құрастыру тәртібі

11

Кіріспе

11

1 БӨЛІМ Өндірістік тәжірибені өту орны

12

1.1 Орналасу орны, ведомстволық иелік

12

1.1.1 Географиялық орналасуы мен климаты

12

1.2 Тәжірибені өту орнының құрылымы және бағыты

12

1.3 Өсімдік қорғау және карантиннің материалдық-техникалық базасы

14

1.3.1 Техникалар сипаттамасы: бүріккіштер, дәрілеу машиналары

14

1.3.2 Фитосанитарлық және карантиндік іс шараларды орындау барысында өндірістік процестердің кескіні.

14

1.3.3 Шаруашылықта қолданылатын биоагенттердің, пестицидтердің түр құрамы, оларды сақтау, сақтау қоймаларының жағдайы.

14

1.4 Топырақ сипаттамасы

14

1.5 Метеорологиялық жағдайлар

15

2 БӨЛІМ Аймақтық егіншілік жүйесі және дақылдарды өсіру технологиясының сипаты

18

2.1 Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері

18

3 БӨЛІМ Егістіктердің, көшеттер мен алқаптардың фитосанитарлық жағдайы

20

3.1 Өндірістік тәжірибе өту орнындағы бақылау және есепке алу жоспары, бақылау нысандарының тізімі және ерекшелектері

20

4 БӨЛІМ Мониторингтік бақылаулардың нәтижесі

22

4.1 Өсімдік зиянкестері

22

4.2 Өсімдіктер аурулары

48

4.3 Арамшөптер

49

5 БӨЛІМ Фитосанитарлық шаралар

52

5.1 Өсімдік қорғау шаралары


52

5.2 Өсімдік қорғау шараларының тиімділігі


55

6 БӨЛІМ Карантиндік шаралар

56

7 БӨЛІМ Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, жинаудан кейінгі өңдеу, орналастыру және сақтау

70


8 БӨЛІМ Еңбекпен қоршаған ортаны қорғау

70

9 бөлім Студенттің алған тәжірибелік білімдеріне сүйене отырып, өзіндік бағалауымен өндірістік тәжірибені өтудің сапалы нәтижелілігі Студенттің жеке тапсырманы орындауы

70

қорЫтындылар мен ұсыныстар

70

әдебиеттер тізімі

70

Пайдаланылған құжаттар тізімі

70

ҚОСЫМША 1

71

ҚОСЫМША 1

72

ҚОСЫМША 1

73



КІРІСПЕ

Өндірістік және дипломалды тәжірибелер бакалаврларды дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады.


«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасында оқитын студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибелерді оныншы және онбірінші триместрде өтеді.
Өндірістік және дипломалды тәжірибелер студенттердің мамандық бойынша арнайы пәндерді оқып аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады, тәжірибе басталғанға дейін студенттер келесі пәндер бойынша теориялық білім алады: ауыл шаруашылығы энтомологиясы; ауыл шаруашылығы фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық қорғау; өсімдіктерді биологиялық қорғау; өсімдік карантині; гербология.
Өндірістік жағдайда тәжірибені өту барысында студент ЖОО - да алған теориялық білімді тәжірибелік тұрғыдан бекітеді, ауыл шаруашылығы дақылдарының фитосанитариялық жағдайы үшін маңызы бар дақылдарды өсірудің технологиялық операцияларының орындалуын іс жүзінде көріп, соларға қатысып, тәжірибелік білімін толықтырады, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша іс - шараларды жоспарлау және ұйымдастыруды үйренеді. Өндірістік тәжірибеден өту барысында, студент сол кәсіпорын немесе мекеме жетекшісінің бақылауымен күнделік толтырады. Өндірістік тәжірибе есебі тәжірибе өту орнында жазылады. Тәжірибені өтіп болғаннан кейін жетекші күнделіктің соңына мінездеме жазып, қолын қойып, мөр соғады.
Дипломалды тәжірибенің мақсаты, міндеті, мазмұны және өту мерзімі бойынша өндірістік тәжірибеге сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс немесе жоба бойынша берілген жеке тапсырмалардың зерттеу нәтижелері жұмыс журналына жазылып, тәжірибе есебіне жеке бөлім ретінде кіреді. Оны кейін дипломдық жұмыс немесе жоба жазғанда қолданады.
Өндірістік тәжірибені өту барысында студент ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері түрлерінің коллекциялық жадығаттарын дайындауға, арамшөптерді және зақымдалған өсімдіктерді жинап, гербарий жасауға тиіс. Университетке келгеннен кейін студент кафедра меңгерушісі ұсынып, факультет деканының өкімімен бекітілген құрылған комиссия алдында өндірістік тәжірибе есебін қорғайды. Тәжірибе өткен орыннан бекітілген күнделікті, мінездемені және өндірістік тәжірибе жетекшісінің жазған сын пікірін комиссияға тапсырады.
Тәжірибені өтпеген, бағдарламасын орындамаған немесе есеп қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға, теріс пікір алған студенттер келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы семестр кезінде қайтадан тәжірибе өтуге жіберіледі.
1 тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Өндірістік тәжірибенің мақсаты – «Өсімдік қорғау және карантин» бойынша оқитын студенттердің өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және жұмыс орнында (өндірістік жағдайда) өз беттерімен шешім қабылдауды үйрену, кәсіби шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.


Дипломалды тәжірибенің мақсаты - «Өсімдік қорғау және карантин» бойынша оқитын студенттердің болашақ мамандықтары бойынша өз беттерімен шешім қабылдаудың кәсіби шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жоба бойынша жадығаттарды жинау. Дипломалды тәжірибенің мазмұны дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбынан туындайды. Дипломалды тәжірибенің нәтижелері дипломдық жобаны (жұмысты) алдын ала қорғау кезінде баяндалып, кафедра меңгерушісі ұсынып, факультет деканының өкімімен бекітіліп, құрылған комиссия алдында қорғауға ұсыныс алады. Өндірісте студент мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысады және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгереді.
Тәжірибеде зерттелетін негізгі нысандар - зиякестер, олардың жыртқыштары мен паразиттері, ауру қоздырғыштар мен олардың антагонистері, сортаң өсімдіктер, өсірілетін дақылдар, пестицид-жадығаттары.
Технологиялық операциялар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәсілдері, оның ішінде егістік көлемдерінің құрылымына сәйкес алдын алу және жоюға арналған қорғау шаралары.
Агроценоздағы биологиялық нысандардағы тропикалық байланыстарға, тәжірибе өтетін орынның топырақ-климаттық жағдайына пестицидтерді қолданудың тиімділігі үлкен ықпалын тигізеді, студент агротехникалық және фитосанитарлық ақпараттарды жинаумен қатар сол жердің топырағының, климат, ауа-райы жағдайы туралы мәліметтерді де жинаулары керек.
Тәжірибелер міндеттеріне кіреді:
- теориялық оқу үрдісі кезінде алған білімдерін жүйелеу, толықтыру және кеңейту;
- кәсіби шеберлікті және еңбек етудің тиімді әдістерін игеру;
- таңдаған мамандықтың мотивацияларын меңгеру;
- кәсіптік міндеттер мен күрделі мәселелерді шешудегі озық технологиялар мен әдістерді игеру;
- кәсіпорындағы, мекемелердегі және т.б орындардағы маркетингтік-менеджерлік қызметтермен танысу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру;
- зиянкестердің, ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен арамшөптерінің топтамаларын жинау, олардың зақымдалу және залалдану орындарын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет