Бағдарламасы мен әдістемелік нұСҚаулары нұр-Сұлтан 2022 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



бет3/14
Дата21.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146906
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
МУ по произ практике каз (2)

2 тәжірибені Өтетін оРЫН


Өндірістік және дипломалды тәжірибе өтетін орындарға: «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ аясындағы «Өсімдік қорғау және карантин фитосанитарлық мониторинг ғылыми-инновациялық орталығы», ғылыми-зерттеу институттарының бөлімдері мен зертханалары, тәжірибе станциялары, ҚР АШМ АӨК МИК бөлімшелері мен мекемелері және олардың филиалдары, өкілдіктері, фирмалар және ЖОО-н келісім шарттар мен оған сәйкес бұйрықтар негізінде бекітілген мекемелер жатады.
Өндірістік және дипломалды тәжірибенің ұзақтылығы мен саны академиялық күнтізбе және оқу жұмыс жоспарымен анықталады. Студент тәжірибеге тәжірибенің өту мерзімдері, тәжірибе базасы және жетекшісі көрсетілген университет басшысының бұйрығы негізінде жіберіледі.
Өндірістік және дипломалды тәжірибесі бойынша база болып табылатын ұйым тәжірибе өту бағдарламасына сәйкес студентке тәжірибе өтетін орынды белгілеу керек және қауіпсіздік шараларын қадағалау қажет. Өндірістің қажеттілігіне байланысты студент еңбек ақысы төленетін уақытша қызметке қабылданады. Ұйым - өндірістік және дипломалды тәжірибені өтетін студентпен жазатайым болатын жағдайларға толығымен жауап береді.
Денсаулық жағдайы нашар, мүгедек студенттерге өндірістік және дипломалды тәжірибенің өту орындарын анықтағанда оларға қолжетімді, жақын болу мақсатында міндетті түрде олармен келісіледі.
Студенттен келісім (тапсырыс) түскеннен кейін, ол студент сол келісім-шарттың негізінде тәжірибе өтуге жіберіледі.
Өндірістік тәжірибе өту орынын таңдағанда студент алдын ала дипломдық жұмыстың тақырыптары тізімімен және олардың орындалу тәртібімен танысады.


3 тәжірибені ұйымдастыру

Тәжірибе алдында студенттермен өндірістік және дипломалды тәжірибесін өту туралы және мәліметтерді тәжірибе өту орнынан жинақтау бойынша жиналыстар жүргізіледі.


Студенттер шаруашылықтарға, мекемелерге, фирмаларға және т.б. ұйымдарға жіберіледі, оған дейін тәжірибе өту бағдарламасымен, күнделіктің мазмұнымен танысады. Бекітілген жетекшілер тәжірибеге жіберілетін студенттерге техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау нұсқауларымен таныстырады және осы нұсқаулар мен кеңес алғандығы жөнінде кафедрадағы арнайы журналға студент белгіленеді.
Студент тәжірибеден өту орнында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама алады және сол орынның ішкі тәртібімен танысады.
Тәжірибеден өту кезіндегі жетекші, тәжірибеден өтетін шаруашылық, фирма, мекеме және т.б. жетекшілері немесе басшылықпен бекітілген тәжірибелі мамандар болуы тиіс.
Әрбір студент тәжірибені өту барысында орындалатын жұмыстар бойынша және дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін керек мәліметтерді жинау мақсатында әдістемелік нұсқаулар алады. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін мәліметтерді жинау мақсатында тапсырма береді, қажет әдебиеттер тізімін ұсынады, студентпен бірге тәжірибе кескінін, бақылаулар мен есептеулер жобасын, дипломдық жұмыстың немесе жобаның қысқаша құрылымын құрастырады, кеңес берулерді ұйымдастырып, жұмыстың жүруін қадағалайды.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тәжірибе өткен орыннан жинаған мәліметтер бойынша студент өзінің ғылыми жетекшісімен бірге қажетті жадығаттар жинау, тәжірибе қоюға және дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың жоспарын жасауы тиіс, сонымен қатар, жекелеген тарау және бөлімдерді жетекшіге тексерту мерзімін белгілейді.
Тәжірибе өту барысында студент күнделікті толтырып жүреді. Онда ол күнделікті жұмыстың орындалуы туралы белгілеп жазып отырады. Тәжірибе соңында жетекші тексеріп, қол қойған және тәжірибе өткен орынның (ұйымның) мөрі басылған мінездеме және күнделікті тапсырады.
Тәжірибе қорытындысы бойынша кафедраның жиналысы өтеді, онда студенттің жинаған жадығаттары қарастырылып, есебі және жетекшінің берген тапсырмаларының орындалуы, тәжірибе өткен орыннан бекітілген жетекшінің пікірі талқыланып, хаттамаға еңгізіледі.
Студент тәжірибе қорытындысы бойынша кафедраға жетекшісі мен кеңесшісі тексеріп, қол қойған есебін тапсырады және декан өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды.
Комиссия құрамына кафедра меңгерушісі, тәжірибе жетекшілері және кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары кіреді.
Есепті қорғау нәтижелері балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Өндірістік тәжірибе өтуді бағалағанда өндірістік тәжірибе өткен орыннан (ұйымнан) бекітілген жетекшісінің қойған бағасы ескеріледі, ол қорытынды бағаның - 40% құрайды және кафедра комиссиясының бағасы ескеріледі, ол қорытынды бағаның - 60% құрайды. Әрбір баға 100 балдық шкаламен қойылып, орташа қорытынды бағасы шығарылады және электрондық журналға еңгізіледі (Платонус).
Студенттің тәжірибесі бойынша есеп құжаттары (күнделік және есеп) оқуды аяқтағаннан кейін кафедрада екі жыл немесе бір жыл сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет