1 ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
1.Мәтіндегі дауысты дыбыстардың астын сыз.
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Акан Мөңкеге неше түр лі
қызықты ертегі, дастан, айтып, ара-тұра ән салып, кішіпейіл ақын баламен
тең құрбысындай сыр шерткен. Ақтоқты, Ұрқия, Жамалдардың қайғысын
айтып, ара-тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге
түскен.
(С.Жүнісов)
2.Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың
астын екі сызықпен сызып шық.
Ағайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі. Алтын
зерлі
айыр қалпақ пен өңіріне, жаға-жеңіне
зер тұтқан жібек шапан тал
бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр.
(Қ.Жұмаділов)
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Оқушы Имаш үйінен шықты. Ол мектепке келе жатыр.
Теміржол
бойымен жүріп келеді. Кенет ол желінің үзілгенін байқады.
Осы кезде
алыстан поездың будақтаған түтіні көрінді.
Имаш оны апаттан сақтамақ
болды. Бала ақ көйлегін шешіп алды. Көйлегін бұлғап поезға қарсы жүрді.
Машинист оны байқады. Поезд үзілген желіге жетпей тоқтады.
Апаттан сақтағаны үшін теміржолшылар Имашқа алғыс айтты.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_____________________________________________________________