59
ойды анықтайды, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізеді, есімдіктердің мағыналық
түрлерін ажырата біледі және қолдану ерекшелігін ажырата алады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Түсіну. Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тыңдалым. (18-аудио)
18-аудио
«– Бісіміллә деп бастайын сөзімді!» Мұны айтқан Жәмила анам еді. Алыста
қалған жастығын, келіншек күнін көз алдына қайыра елестеткендей болып
тосылыңқырап отырып қалды... «Сонымен, атам қазақтың өткен ғасырда басынан
өткізген тауқыметін, қызыл төңкеріс дейсіз бе, ұжымға ұйысу дейсіз бе, одан берідегі
аққалпақ көтерілісін, адам басы арзандаған қан-жоса қырғынды, Голощекин қол қойған
мүйіз салығы мен тұяқ салығын, қаратабан жұтты, ашаршылықты, одан берідегі
үндеместер үкідей үрпитіп бір түнде ұстап алып кететін зұлмат жылдарды тәспінің
тасындай жіпке тізіп жазып жүрсіңдер ғой... Сендерше Ұлы Отан соғысы, бізше герман
соғысы басталар алдында, біраз жыл бұрын Сарыұлы Досжанның шаңырағына түскен
келіншекпін. Отағасын жасының орта жастан асқанын сылтау етіп соғысқа алмаған. «Екі
тау арасында жатқан «Ынтымақ» колхозының жаны мен малына иелік етіңіз, тозып
кетпесін, заманында облыс бәйгесінің алдын бермеген сәйгүлік ақалтеке тектілердің
тұқымын сақтаңыз» депті... Тылда да соғыстағыдан еш кемдігі болған жоқ. Елдегі некен-
саяқ еркектер көктем шыға өгізге жер-ағаш, соқа тіркеп, жоннан жер жыртады, егіс
салады, қыстың қамын жеп, шалғысын қайрап, өзен, бұлақ қабағынан шөп шабады.
Әлгілердің бейнетінің ауырлығы сонша: сорғалаған тері жүзін жуып, ...белінен бел
қалмайтын... Біз болсақ, күніге желіге тізіп, жүзге жуық құлын байлаймыз, бұл дегенің
күніге кемі – асауы бар, көнбісі бар жүз биені екі мезгіл сауып шығу деген сөз. Сауыншы
аз. Жас әйелдер асау бие теуіп өлтіреді деп жылқышы ауылдан айналып қашады. Әкең
болса аттан түспей түздің шаруасымен жүреді: қарашаның күз күніндей қабағын ашпай
ел жата оралады...»
Достарыңызбен бөлісу: