99
қандай да бір біліктілікке қол жеткізіп, нарықта бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Сондықтан
жастар бос уақытында түрлі кітап оқып, тренингтерге қатысып, волонтерлік қызметпен
айналысуына болады. Өзгелерге көмектесу өзіңе де пайдалы. Өйткені волонтерлік адамның
сан түрлі қырын ашуға ықпал етеді.
В.
Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда
қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі
пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе
жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.
Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар
екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан
қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: