98
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым және жазылым
ТЖБ жұмысы 2 бөлімнен тұрады.
Тапсырмалар жалпы көлемі 400 сөзден тұратын төрт қысқа мәтін үзінділеріне негізделеді.
1-бөлімде білім алушылар мәтін үзінділерінде келтірілген ойдың берілген 10 тұжырыммен
өзара байланысын анықтап, қай мәтінге қатысты екенін тауып белгілейді (A, B, C және D).
Қолданылатын мәтін түрлеріне бейресми, ұқсас тақырыптағы мәтіндер, мысалы, хат,
электрондық хат, блогтар жатады. Әр мәтін деректер мен көзқарастар бірлігін қамтиды.
Тапсырма білім алушылардың мәтіннің жалпы мазмұнын түсінуін, мәтіндегі негізгі және
қосымша ақпараттарды ажырата алуын, мәтінде көтерілген астарлы ой мен автор
позициясын анықтау құзыреттерін бағалайды. Балл саны – 10.
2-бөлімде білім алушылар мәтін негізінде берілген сұраққа өз көзқарастарын білдіріп, 90-
120* сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Тапсырмада білім алушылардың мәтін
ақпаратын өңдеп қолданып, стильдік және жанрлық ерекшеліктерге сай аргументтер келтіре
отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік
қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: