Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған



Pdf көрінісі
бет24/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

 


 
Жалпы балл – 15 
 
Бағалау: 
0-5 балл – «2» 
6-9 балл – «3» 
10-12 балл –«4» 
13-15 балл – «5» 


23 
8- БӨЛІМ. «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімі бойынша 
жиынтық бағалау 
Оқу мақсаты
10.3.6.1
мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз 
көзқарасын білдіру және оны бағалау:
10.4.5.1
ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі 
ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру: 
10.5.1.7.
шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу мәтін құрауда орынды қолдану. 
Бағалау критерийі
Білім алушы 

Мәтіндегі ақпаратқа өз көзқарасын білдіреді. 

Сұрақтарға жауап беру арқылы жинақы мәтін (компрессия) құрастырады. 

Сөйлемдерде шылау түрлерін қолданады. 
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану 
Орындау уақыты
25 минут
Оқылым

Нәзипа Құлжанова 1887 жылдың 27 шілдесінде Торғай қаласында дүниеге келген. Ол - 
ХХ ғасыр басындағы оқыған санаулы ғана қазақ қыздарының бірі. Ағартушы, этнограф, 
аудармашы, журналист, жазушы Нәзипа Құлжановананың артында қалған мұрасы ұшан-
теңіз.
Нәзипа - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист. Қостанайдағы қыздар 
гимназиясын тамамдаған соң, Семейдегі мұғалімдер семинариясына сабақ береді. Осы 
кезден бастап қазақ әйелдері арасынан дараланып, ұлттың жоғын жоқтады. «Қазақ», 
«Айқап», «Бірлік туы», «Жаңа мектеп» секілді басылымдарда қазақ тағдырына, әйел 
теңдігіне, оқу-ағартуға қатысты мақалалары жеткілікті жарияланған. Ол Абайды қазаққа 
танытқан зиялылардың бірі болды. Жүсіпбек Аймауытов «Айқап» журналында бұл 
туралы: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде 
жазылуы тиіс», - деп жазды. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде, 1923-1925 жылдары 
«Қызыл Қазақстанда», 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты 
қызмет атқарды. 
Н.Құлжанова – Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы үлгісіндегі тәжірибелі педагог, ғалым. 
Қазақ мектептеріне арнап оқулық жазды, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру жолында 
аянбай қызмет етті. 
Н.Құлжанов – әдебиетші, әдебиет жанашыры. «Әйел теңдігі» журналында ақын Шолпан 
Иманбаева туралы жазған мақаласы бар.
Қазақтың алғашқы баспасөзі, қазақ ғылымының бастауы туралы әңгіме болған кезде біз 
қазақтың қайраткер қызы Нәзипа Құлжанованы ұмытпауымыз керек. Н.Құлжанованың
атқарған қызметі, тағылымды да өнегелі ғұмыры бүгінгі әрбір баланың өмірлік 
мақсатына айналуы тиіс. 
Е. Тоқтарбай 
1-тапсырма.
Мәтін мазмұны бойынша берілген тұжырымдарды дәлелдеңіз. 
Н
. Құлж
анов
а 
1. Қазақтың тұңғыш журналист қызы. Себебі ...
2. Мемлекет қайраткері. Себебі ...
3. Педагог. Оны былай дәлелдеймін.
4. Мынадай түйін жасадым. 
(5 балл) 


24 
2-тапсырма.
Берілген сұрақтарға жауап беруде шылауларды қолданыңыз және 
жауабыңыздан шағын монолог жасаңыз. 
1.
Радио саласында қызмет еткен әйгілі тұлғалардан кімдерді білесіз? 
2.
Олардың қызметі туралы не айта аласыз? 
3.
Қандай радиотолқындарды тыңдайсыз? 
4.
Қандай бағдарламалар ұнайды? 
5.
Қалай ойлайсыз, диктор болу үшін қандай қасиеттер керек? 
6.
Бүгінгі жас дикторлардан кімдерді білесіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет