21
1-тапсырма. Берілген сөзтіркестерімен сөйлем құраңыз.
Дүниежүзілік
сауда ұйымы, құқықтық-сауда, алпауыт ұйым.
(4 балл)
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
А) 2015 жылдың Қазақстан үшін ____________________________жаңалықтарының бірі
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке __________________________ болды.
Ә) 19 жылға
жалғасқан келіссөзден соң, Қазақстан әлемдік сауданың көрігін қыздыратын
_________________ __________________________толыққанды 162-мүшесі ретінде ресми
қабылданды.
Б) 2016 жылдың 1 қаңтарында _________________ __________________________________.
В) Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына ________________________
жөніндегі келіссөздерді
табысты аяқтадық.
Г) ДСҰ-ға мүше болу – ________________________ Қазақстанның жемісі.
(5 балл)
Айтылым.
3-тапсырма.
Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз.
Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және
сөйлеу әрекеті формаларын қолданыңыз.
1-оқушы.
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
-
1791 жылы университетте оқып жүрген жігіт күнімде,
әр жеті сайын Версаль
қаласындағы шешеме барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда Антон деген
тілемші отырып, қайыр сұрап жүруші еді. Бір күні
тағы сол жолмен келе жатып, бір орта
бойлы арықтау кісіге ұшырастым. Жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда манағы
Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады.
Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап
тұрды да айтты:
-
Сен қарауға еп -есті кісі секілді көрінесің және жұмыс
істеуге қуатың да бардай
көрінеді. Сөйте тұра мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің...
Ы. Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»
Достарыңызбен бөлісу: