32
Жуас, өз ортасынан бөлек жүретін балалар компьютерлік ойындардың тұтқынына
айналуы мүмкін. Олар достарымен жақын араласпағандықтан, бар уақытын компьютер
алдында өткізеді. Бұндай кезде оны ойыннан алыстату өте қиын. Тіпті ол ата-анасына
қарсы келіп, жанжалдасуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегендіктен,
оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мінез-құлқы өзгеріп, тез ашуланады.
Көпшілікпен тіл табыса алмай адасады. Компьютерді қосқанша байыз таппай, оның
алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған
кезде өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады. Шектен тыс құмарлық баланы
компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтырады. Сондықтан ...
Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газетінен
3-тапсырма.
«Компьютерлік ойындардың қатері» деген тақырыпта өз көзқарасыңызды
дәлелдермен жазыңыз. (7-10 сөйлем)
Достарыңызбен бөлісу: