Бағдарламасы мен пәні Тапсырмалар



бет1/3
Дата27.10.2022
өлшемі28,86 Kb.
#155170
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
№1 СОӨЖ


1 СОӨЖ
Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы мен пәні


Тапсырмалар:

  1. Бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасымен танысып, тілдік дағдыларға байланысты меңгерілетін тілдік тақырыптарды анықтау.

Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Тіл және сөйлеу (2 сағат):



  1. сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі;

  2. ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.

18. Дыбыс және әріп (24 сағат):





  1. у дыбысы. Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі. У әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген у әрпінің алдында ү, ұ дыбыстары естілгенімен, жазылғанда олардың орнына у-дың өзі ғана жазылатыны;

  2. дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатыны;

  3. и дыбысы. И-дің дауысты, ал й - дауыссыз дыбыс дыбыс екені. И-дің бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;

  4. я, ю әріптерінің жазылуы;

  5. дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні;

  6. б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;

  7. қ, ғ және к, г дыбыстары. Қ, к дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауысты ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;

  8. л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;

  9. н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі.

19. Мәтін (7 сағат):





  1. мәтін туралы түсінік. Жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі. Мәтіннің тақырыбы және ондағы негізгі ойды анықтау. Мәтіннің мазмұнына сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою;

  2. мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, мәтіннің бөліктері (басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытынды)) туралы ұғым қалыптастыру. Мәтіндегі азат жолдың рөлін аңғарту;

  3. мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Әр алуан мәтін түрлерін аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;

  4. заттардың негізгі бөліктерін байқату: таныс заттарды көрсетіп, олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу. Берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;

  5. берілген жоспар бойынша мазмұндама жазу. Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер т.б. бойынша мәтін құру.

20. Сөйлем (14 сағат):





  1. сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің мәтіннен өзгешелігі. Тұтас мәтінді сөйлемдерге бөлу: берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажырату;

  2. сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату;

  3. сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау, леп белгісі);

  4. сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;

  5. сөздердің орналасу тәртібін ескере отырып, сөздерден сөйлем құрау. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді етіп құру). Үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу. Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу.

21. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):





  1. сөз және оның мағынасы туралы түсінік;

  2. мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (терминдер айтылмайды);

  3. сөздердің қолдану ерекшелігі;

  4. мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білу.

22. Сөз құрамы (12 сағат):





  1. сөздің түбірі мен қосымшасы туралы алғашқы түсінік;

  2. түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы;

  3. қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.

23. Сөз таптары (35 сағат):





  1. кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінікті қайталау;

  2. сөз табы туралы түсінік. Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары. Жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі;

  3. зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Зат есімнің көпше түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары;

  4. Етістік, оның анықтамасы, сұрақтары. Дара және күрделі етістіктер;

  5. сын есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сын есіммен зат есімнің байланысы;

  6. сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы.

24. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):


1) сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Әдемі сөйлеу – әдептілік. Амандасу, сәлемдесу, танысу, алғыс айту кезінде қолданылатын сөздер.
25. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат).
26. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет