Бағдарламасы мен пәні Тапсырмалар


Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет2/3
Дата27.10.2022
өлшемі28,86 Kb.
#155170
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
№1 СОӨЖ
№4 СОӨЖ
3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
27. Тіл және сөйлеу (2 сағат):



  1. сөйлеу туралы берілген ұғымды кеңейту. Сөйлеу мәнерлілігі. Дауыс ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуы.

  2. ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.

28. Дыбыс және әріп (16 сағат):





  1. Дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау;

  2. Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту. Бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдыландыру;

  3. В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру;

  4. Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері;

  5. Х, Һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі.

29. Мәтін (7 сағат):




  1. мәтін туралы берілген ұғымды қайталау. Мәтін құрастырудың сызбасы (басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері).


  2. мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөлу (жоспар және жоспарсыз). Жоспар құру. Әр алуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, олардың бір-бірінен ерекшеліктері.


  3. мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрастыру. Сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен сөйлеу тақырыбына сәйкес диалог құру.


  4. бірлесіп жасалған жоспар бойынша 50-70 сөзден құралған қысқаша шығарма жазу.


  5. мәтінді ықшамдау және жалпылау арқылы қысқарту. Терме баяндау.


30. Сөйлем (22 сағат):




  1. сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау;


  2. сөйлем түрлерін әртүрлі жағдаяттарда (ситуация) орынды қолдана білу;


  3. сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер;


  4. бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша;


  5. жалаң және жайылма сөйлем;


  6. үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;


  7. қаратпа сөз, оның тыныс белгісі.


31. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):




  1. сөз туралы берілген білімді еске түсіру;


  2. сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату;


  3. мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер.


32. Сөз құрамы (14 сағат):




  1. сөз құрамы жайында 2- сыныпта берілген ұғымдарды қайталау;


  2. түбір сөз және туынды сөз;


  3. туынды сөз жасайтын жұрнақтар;


  4. туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру;


  5. түбірлес сөздер;


  6. қосымшалардың емлесі: қосымшалардың сөздің соңғы буынымен үндесіп жалғануы, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (кітап+ы – кітабы).


33. Сөз таптары (34 сағат):




  1. сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау;


  2. зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру;


  3. негізгі және туынды зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы;


  4. туынды зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар;


  5. зат есімнің тәуелденуі;


  6. тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері. Тәуелдік жалғаудың емлесі;


  7. етістік туралы берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды етістік;


  8. болымды және болымсыз етістік;


  9. сын есім жайында берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды сын есімдер;


  10. салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру;


  11. заттарды әр алуан белгісіне, сапасына және т.б қарай салыстыру;


  12. сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік және реттік сан есімдер.


34. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат):




  1. танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалану;


  2. ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.


35. Жыл бойы өткенді қайталау (13 сағат).


36. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет