2. Бағдарламаға шолу
Бағдарламаның мақсаты:
«Дене шынықтыру » пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
мұғалімдерді пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол
жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі. Бағдарламаның оқу әдістемелік кешені:
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы;
Мұғалімге арналған нұсқаулық;
Үлестірме материалдар және таныстырылымдар;
Бағдарламадан күтілетін нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар;
Тренерге арналған нұсқаулық.
Center
of Excellence
Достарыңызбен бөлісу: |