3. Бағдарламаның құрылымы
Бұл Бағдарлама шеңберінде оқу үдерісі 1984 жылы әзірленген Дэвид Колбтың төрт сатылы эмпирикалық моделінің (Experiential Learning Model) негізінде іске асырылады. Дэвид Колбтың оқу үдерісінің эмпирикалық моделі осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған.
Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаттарын шолудан басталып, білім беруді реформалау жөніндегі кең ауқымды жұмыстарға қарай көшу түрінде құрылымдалған. Оқу жоспарында көрсетілгендей, жаңартылған білім беру бағдарламасы, оның құрылымы, тиімді оқу үдерісін жүргізуге қажетті педагогикалық әдістемелермен және қолданылатын бағалау тетіктерін қарастыруға мүмкіндік беріледі. Мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгереді. Олардың теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету мақсатында бұл кезең тәжірибе жүзінде және белсенді өтеді.
Мұғалімдер «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларының мазмұнын игереді. Күнделікті сабақтардың соңында мұғалімдер өзіндік рефлексия жасап, оы Бағдарлама бойынша оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгерілеуін бақылау мақсатында тапсырма орындайды және бұны өз тәжірибесінде іске асыру үшін қажетті іс-шараларды анықтайды.
Курс барысындағы ықшамсабақтар мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесіне «эксперимент» жасауға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің қызметін бағамдау «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен, деңгейлермен байланысты салаларға бөлінген. Әр сала мұғалімнің осы пән бойынша оқыту әдістемесінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасына 1-қосымша
Оқу жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |