Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқу мақсаты мен оның нәтижелері



Pdf көрінісі
бет170/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Оқу мақсаты
- мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу 
мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, қандай мәселелер төңірегінде ойланулары керек?


86
Оқу нәтижелері
мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін 
білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
• оқушыға бағытталуы керек;
• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
• оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Тізбектелген сабақтар топтамасын оқыту маңызы
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, оқыту және ол бойынша рефлексия жүргізу 
Бағдарламаның негізгі мәселесі болып табылады.
Бағдарлама мұғалімдердің теориялық білімдерін дамытып қана қоймай, ол идеяларды 
қолдана отырып, өз тәжірибесіне енгізілген өзгерістердің әсері туралы ойлану арқылы өз 
тәжірибесін дамытуды мақсат етеді.
Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан өзгерістердің өзінің 
тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне Бағдарламада ұсынылған 
идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты тізбектелген сабақтар топтамасы Бағдарламаны бағалауға арналған 
негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет