Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет173/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

87
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген 
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат сияқты әдістердің 
көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін немесе олардың 
тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің басқа бөлігінде 
жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша деректерді жи-
нау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не болмаса кейбір 
жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда 
балаларға қауіп тудыруы мүмкін. 
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді 
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет 
тізімі келтірілген:
• Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу 
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану. 
• Зерттеу өткізу туралы виртуалды оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес 
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/
category/publications/guidelines/
• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже 
әзірленгендігін анықтау. Ережеде оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай 
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
• Балаларды экспериментке немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың ата-анала-
рынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға жіберілген 
хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз 
және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың келісімін жазбаша 
растауын өтініңіз. 
• Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап 
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз. 
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен 
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың 
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз. 
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, 
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында 
айқын хаттамалар белгіленеді. 
• Жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін. 
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала 
алуын қадағалаңыз. 
• Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз. 
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада 
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында, 
Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс 
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің 
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайда-
лы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда 
бола ма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет