92
• Оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды пайдалана алады;
• Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыра алады.
3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Кәсіби қасиеттері мен міндеттемелері
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білімдік жетістіктеріне жағымды
үлес қосады;
• Оқыту мен оқу барысында әріптестермен ізгі ниетті өзара қарым-қатынас болуының
маңыздылығын түсінеді;
• Тиісті құрылымдық бөлімшенің, бүкіл мектептің оқыту және оқу тәжірибесін
жетілдіруге үлес қосады;
• Педагогикалық шеберлік орталығының порталы арқылы виртуалды оқу ортасы
жағдайында Бағдарламаның құрылымдалған қосымша материалдарын белсенді пай-
даланады;
• Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
• Өз тәжірибесі туралы ойлана және оны талдай алады;
• Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
• Жеке кәсіби даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
• Өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін жергілікті сипаттағы сыныптағы зерттеу
жұмысын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: