Бір сабақ бойыншарефлексия Бағдарламаның идеяларына сәйкес оқуды бағалауды
көрсетеді. Атап айтқанда, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жөніндегі жұмыстың
жүргізілгенін растау үшін есепте оқыту мен оқудың нақты стратегияларын пайдалану
негіздемесі, олардың әрқайсысының тиімділігін талдаумен қатар, тиімділігі жоқ стратегиялар
көрсетілуі тиіс. Есепке нақты оқушының оқу дәлелдемелерін қосу қажеттілігі міндетті бо-
лып табылады, оқу дәлелдемелері ретінде оқушымен «бірлескен әңгіме» жазбаларын неме-
се дарынды және талантты балалар талдау мен жинақтау бойынша алған дағдыларын қалай
көрсеткендігі туралы жазбаларды алуға болады. Есепте табысты тәжірибенің болуы міндетті
емес, бірақ ол мұғалімнің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқуды
бағалауға ұмтылғанын көрсетуге тиіс.
Мәселен, есепте оқушылардан Мысыр туралы web-сайттарды салыстыру сұралған сабақ
туралы баяндалуы мүмкін, бұл жағдайда мұғалім оқушылар пікірталасының хабарлаушылық
сипатта болғандығы және мұғалімнің оқушыларда сын тұрғысынан ойлауды көру туралы
үміті ақталмағандығы туралы қорытынды жасай алады. Бұның дәлелі ретінде оқушылардың
пікірталасы туралы мұғалімнің есептерін көрсетуге болады. Сабақтың күтілген нәтижелерді
мүлде бермегеніне қарамастан, мұғалім бар назарын бағалау және талдауға бағытталған
сабаққа аударғаны түсінікті болар еді.
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу және оларды басқару жөніндегі рефлексия
мұғалімнің алған тәжірибені болашақ практикасында пайдалануға болатындығын дәйектейді.
Бұл оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдерді терең зерделегенін және пайдаланғанын ба-
рынша көрсетіп, мұғалімнің өз тәжірибесіне өзгерістерді енгізу тәсілдерін паш етеді. Бұл есеп-
тер мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге қатысты сыни көзқарасын
растауға тиіс, сондықтан сипаттама беруден гөрі, пікірталастық сипатта болғаны абзал, оқыту
мен оқудың нақты әдіс-тәсілдерін пайдалану негіздемесін көрсетіп, бір әдіс-тәсілдердің тиімді
болғандығының себептерін талдап, басқа әдіс-тәсілдерде ондай қасиеттің жоқ екендігін
айқындауға тиіс. Тізбектелген сабақтар топтамасының есептері мұғалімнің метатаным туралы
хабардарлығын: оның оқу нәтижелерін ғана емес, оқу үдерісінің өзін де түсінетіндігін растауы
керек.
Айталық, мұғалім бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде талқыланған, қабілеттері әртүрлі
оқушылармен бірге оқитын дарынды және талантты балаларды инклюзивтік оқытумен бай-
ланысты идеяларды түсіндіре отырып, дарынды және талантты балаларды оқытуға арналған
тапсырмаларды күрделендіру қарқынын көрсете алады. Мұғалім оқу барысында дарынды
және талантты балалар оларға қатысты дау туғызған осындай көп қырлы тәсілді қолдана оты-
рып, оқуды қалай іске асырғанын және қорытындысында бұл санаттағы оқушылардың қалай
дамығанын, олардың ойлары қалай өзгергенін түсіндіре алады.
Сонымен қатар, мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесі бойынша ұсынылған есептерінде
олардың өздерінің болашақ тәжірибесіне қатысты жүргізілген талдау негізінде қалыптасқан,
ғылыми негізделген шешімдері болуы керек. Мысалы, мұғалім өзінің дарынды және талантты
балалармен жұмысы туралы есепті жазған соң көпшіліктің талқысына оқушыларды одан әрі
дамыту үшін топтағы бірлескен жұмысты жоспарлау әдістемесін ұсына алады.