95
Дивергентті ойлау
–
бір мәселенің (проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық бағалау
– оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында
оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен
сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі
дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау
критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы
даму аймағы
(ЖАДА)
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері
мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің
көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар
арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы
оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
Инклюзивті оқыту
–
білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту.
Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше
қажеттіліктеріне бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |