89 БАҒДАРЛАМАНЫИГЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ 1. Кіріспе Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны қазақстандық мұғалімдердің тиісті сапалық
деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой
толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, сондай-ақ Бағдарламаның иде-
яларын іске асыруға, талдауға және бағалауға дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бірінші
«Бетпе-бет» кезеңінің өн бойында мұғалімдер Бағдарламаның өзара байланысты жеті модулінің
идеяларымен танысады. Олар бұл жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасының жоспа-
рына қосу арқылы өзінің тәжірибелік қызметі тұрғысынан жеті модульдің тұжырымдамалық
идеяларын түсінетіндігін көрсетулері керек. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінің төрт аптасында
мұғалімдер бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жоспарлаған сабақтарын өткізіп, бағалайды. Одан
кейінгі төрт аптада – екінші «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтама-
сын өткізу және «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды орын-
дау нәтижесінде не үйренгені туралы ой толғап, талқылап, оқыған-тоқығаны туралы жазбалар
жүргізеді. Олар сабақ өткізгенін, бағалау жүргізгенін көрсететін портфолио қалыптастырады.
Мұғалімнің Бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерийіне сәйкестік деңгейін
анықтауда портфолионы бағалау айрықша мәнге ие болады:
• Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну;
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану;
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Мұғалімнің белгіленген өлшемдерге сәйкестік дәрежесін анықтау, ең алдымен, портфолио
материалдарының негізінде жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, мұғалімдерге екінші
«Бетпе-бет» кезеңінде дайындалған таныстырылым бойынша да аталған критерийлерге
сәйкес келетіндігін көрсету қажет. Бұл таныстырылым портфолио қалыптастыру жұмысының
нәтижесі болмақ.
Қорытынды бағалау екі рәсімнен тұрады:
• Мұғалімдердің портфолиосын бағалау;
• Портфолио мазмұны бойынша жасалған таныстырылымды бағалау.
Портфолио мен
портфолио мазмұны бойынша жасалған таныстырылымды бағалау
рәсіміндегі ең маңыздысы мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның
идеяларын пайдалана білу қабілетін анықтау болып табылады. Себебі бұл көрсеткіштер
олардың оқыту және оқу тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді, Бағдарламаның басты мақсаты
осы.