25 8-сурет. Жақын арадағы даму аймағы Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз,
қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның
көмегі мен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал де-
ген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және
қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда оқу жағдайында құнды
тұжырымдамалық құрылым болып табылады.
ЖАДА бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін
әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас ба-
рысында баланың тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибесімен байланыстыра арқылы
оны орындауға мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.