26
қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды
сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы
беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін
білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен
және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін
және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме
күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005),
Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диа-
лог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе
білуіне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диалогтерге қатысуға
мүмкіндік берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік
олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге
жол ашады.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.
«Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып,
мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.
Соңғы зерттеулер оқу қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері болатынын
дәлелдеді, атап айтқанда:
• Адамдар
Достарыңызбен бөлісу: