Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру Оқытудың сапасын
екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі , бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді бол-
майды.
Оқыту сапасын бағалаудағы
екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен
орындағаннан гөрі, көбірек күш
- жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерек-
ше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай
- күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын,
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.