9 БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін
жетілдіріп, бағамдауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері
мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.
Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның
негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен
кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты
ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға
кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.)
барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.
Оқуға арналған негізгі материалдар «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған
нұсқаулық», «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Тренерге арналған нұсқаулық» және
«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» болып табылады.
Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн-материалдар тиісті сабақтар
барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның
біртұтас оқу-әдістемелік кешенін құрайды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда және
кәсіби қажеттіліктеріне қарай мұғалімдер Бағдарламада пайдаланылған және ұсынылатын
әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын
жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайда-
ланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. 3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген,
олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.