Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде
тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас
үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну,
алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін
жібере білу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің
сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен
түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның
негізгі идеясы сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау
нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны-
на негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тара-
пынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру
мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.
Осы модульде көшбасшылық тәсілі «Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы» қағидатына
(Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ,
мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері тура-
лы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің
жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің
сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен
тығыз байланысты.