Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады. Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты
ұйымдастыру және рефлексиялық ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі маңдай
бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді
(3–4-сурет). fMRI функционалдық
магнитрезонанстық
томография
PET – позитронды-эмиссиялық
томография
ERP – мидың түрткі салынған
әлеуеті
Нақты тапсырманы
орындау кезінде ми
қызметінің орналасуын
көруге мүмкіндік береді.
Радиоактивтi изотоптарды
енгізгеннен кейін мидың әртүрлi
бөлiктерiндегі қан ағысы өлшенедi.
Қан ағысы қарқынды болған сайын
белсенділік арта береді.
Мидағы электр белсенділікті,
сондай-ақ белгіленген стимулдарға
қатысты электр реакциясының
жылдамдығын және амплитудасын
өлшейді.
3-сурет. Нейровизуалдандыру әдістемелері Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтары арқылы байланыстырылған,
олар:
• визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін мидың артқы
бөлімінің желке тұсындағы бөлігі;
• ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;
• қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы
бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байла-
нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.