Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Жақын арадағы даму аймағында



Pdf көрінісі
бет70/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жақын арадағы даму аймағында
» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың 
жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз 
бетінше жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, 
оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл 
қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі 
құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің 
рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта-
стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал-
дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин-
сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы 
оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. 
Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, 
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола-
ды. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, 
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерт-
теу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жа-
уаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет