Жазба жұмыстарына қойылатын талаптар:
1.Алынған тақырып бойынша әдебиеттерді оқу.
2.Тақырыпты ашатын 2-3 сұрақ көлемінде жұмыстың жоспарын құру.
3. Пайдаланылған әдебиеттер мен мәліметтерге, сандарға және т.б. сілеме жасау.
4.Жазба жұмысы талапқа сай жазылуы тиіс. Титул бетінде оқу орны, кафедра, орындаған студенттің аты-жөні, қабылдаған оқытушының аты-жөні, жазба жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
6.1-аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары:
Стилистика және тіл мәдениетінің жалпы мәселелері
2. Стилистиканың анықтамасы, зерттейтін мәселелері, шектес ғылымдармен байланысы, оқытудың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары мен түрлері.
3. Стилистика және прагматика.
4. Прагматика және стилистиканың бірігуінің нәтижелері. Стиль және прагматикалық фактор туралы.
5. Стильдің анықтамасы, түрлілігі, стиль анықтамасы туралы ғылыми кезқарастар.
6. Стилистиканың жаңа бағыттары туралы: керкемдік тәсілдердің стилистикасы, ортастилистика, прагмастилистика, безендіру стилистикасы.
7. Стилистиканың зерттеу нысаны дискурс пен мәтін туралы көзқарастар.
8. Дискурс пен мәтіндегі коммуникативті-прагматикалық қызметі.
9. Дискурстағы эксплицитті және имплицитті мағыналық компоненттердің қызметтері.
10. Дискурстағы коммуниканттардың сөйлеу тактикасы мен стратегиясынын сөйлеу иитенциясының, пресуппозициясының дәрежесі.
11. Мәтін туралы ғылыми көзқарастар.
12. Мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнының толық ашылуының прагмастилистикалық мәні.
13. Лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы: лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасы, лингвистикалық стилистика және тіл мәдениеті, стилистика тіл мәдениетінің теориялық негізі.
14. Тіл мәдениеті туралы түсінік.
15. Тіл мәдениетінің нысаны, сөз мәдениеті туралы ғылыми көзқарастар.
16. Тіл мәдениетін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
17. Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті, сөйлеудің тиімділік теориясы.
18. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
19. Тіл мәдениетінің негізгі салалары.
20. Тіл мәдениеті, орфографиялық норма, орфоэпиялық норма, грамматикалық норма.
21. Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы.
22. Ресми стильдің морфологиясы мен синтаксисі.
23. Ресми стиль элементтерінін ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерлерде қолданылуы.
24. Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары.
25. Ресми сөз нормаларының динамикасы.
26. Ғылыми стиль.
27. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми шағын стиль; ғылыми-оқулық шағын стилі; көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль.
28. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистиіқалық белгілері. 29. Ғылыми стиль мәдениеті.
30. Ғылыми стильдегі стилистикалық арнаулы категориялар мен үғымдарды білдірудің құралдары.
31. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.
32. Терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар (мазмұнға сәйкестігі; дәлдік; бір мағыналылық; синонимі болмайтындығығы; қысқалық, т.б.).
33. Норманың кәсіби варианты.
34. Терминдердің қалыптасуы, стандарттағы және сөйкестендірілуі.
35. Академиялық сөйлеу кезіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер.
36. Ғылыми стильдегі ойлау стилі, ғылыми стильдегі стилистикалық категориялар, стилистикалық ұғымдардың берілу сипаты.
37. Публицистикалық стиль.
38. Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стиль; таза публицистикалық шағын стиль; газет шағын публицистикалық стилі.
39. Газет тілінің өз ішінде жіктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.).
40. Публицистикалық стильдің ықпал ету, әсер ету қызметі.
41. Публицистикалық стильдің жазбаша және ауызша түрлері.
42. Публицистикалық стиль лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.
43. Публицистикалық стильдің фонетикасы.
44. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы.
45. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі.
46. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі.
47. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет тілі.
48. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы.
49. Сөйлем мәнерлілігінің құралдары.
50. Шешендік сөз мәдениеті.
51. Шешендік сөздің текстері мен түрлері.
52. Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік өнер.
53. Сот процесіндегі шешендік өнер.
54. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге байланысты шешендік өнер.
55. Шешендік өнер және әдеби тілдің функциональдық стильдері.
56. Сөйлеудің функциональдық-мағыналық түрлері.
57. Шешендік сөздің құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |