Бағдарламасы Модуль05, 11:«Тіл білімінің негіздері» ktsjtm3203 «Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті»



бет32/38
Дата12.09.2020
өлшемі93,81 Kb.
#78314
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
Стильсиллабус

Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.

Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:



  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;

  • дәріс конспектісі болу;

  • курс бағдарламасы болу;

  • ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, оқу құралдары).

Жұмыс жасау әдісі:

  • дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;

  • тақырыппен жұмыс оқулықтарда келтірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет