Бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең



бет7/12
Дата10.04.2017
өлшемі2,12 Mb.
#13648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

15

ВИЧ-инфекциясын жұқтыру қаупіне ұшыраған кісілерді қатынастан кейінгі профилактикамен қамтамассыз ету

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Барлық емдеу-профилактикалық мекемелерде «Төтенше жағдай» алгоритмі бекітілген, тіркеу журналы және қобдиша бар. 2012 ж 12 айында ВИЧ-инфекциясын жұқтыру қаупіне ұшыраған кісілер тіркелмеген.

16

Әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанғандарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Арнайы құрылған комиссия шешімімен, медициналық көрсетпелеріне сәйкес, науқастар жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін жолданады. 2012 ж 12 айында 131 науқас жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды.

17

Онкологиялық науқастарды толық көлемде химиялық препараттармен қамтамассыз ету

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Онкологиялық науқастар амбулаториялық деңгейде ҚР ДСМ № 786 бұйрыққа сай бекіткен тізбеге сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, химиялық препараттарды облыстағы онкологиялық диспансерде қабылдайды.

18

Герантология, қалпына келтіру терапиясы қызметін дамыту

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

САДСС, ОҚО ЖҚҮжәнеӘББ

2011-2015 ж.ж

Қалпына келтіру терапиясы амбулаторлық және стационарлық деңгейде атқарылуда. 2012ж. 12 айында 70 –тен асқан 210 науқас ауруханада емделіп шыққан

19

Паталогоанатомиялық қызметті одан әрі дамыту (кадрларды даярлау, штаттар бөлу, материалдық-техникалық жабдықтау, ағымдағы шығыстарға қаржыландыруды көбейту және басқалар)

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Қызметте 1 дәрігер, 1 медбике, 1 тазалықшы жұмыс істейді. Аталған қызмет маусым айынан бері облыстық патанатомия бюросына берілген. 2012 жылдың 12 айында мәйітханадан өткен мәйіттерінің саны-93(аудан бойынша), оның ішінде 91-і(97,8%) паталогоанатомиялық зерттеуден өткен. Өткен мәйіттердің диагноздарында айырмашылық болмаған. Паталогоанатомиялық қызметтің материалды-техникалық базасын жақсарту мақсатында және гистологиялық зерттеуді іске қосу үшін , 2011ж. қаңтар айында мед.микроскоп алынып, реактивтерге тапсырыс беріліп, қызметкерлер тиісті оқудан өткізілген. 2011ж. қазан айынан гистологиялық зерттеулер ауруханада өткізілуде. 2012 жылдың 12 айда 1463 гистологиялық зерттеу өткізіліп, 1463 данасының нәтижесі алынды

20

Әлеуметтік мәні бар аурулар тіркелімін қалыптастыру

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Әлеуметтік мәні бар аурулармен диспансерлік есепте туратын науқастар бекітілген халық тіркеліміне ендірілуде

21

Телемедицинаны одан әрі дамыту

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

2012 жылы аудан бойынша 346 (оның 133 бала) телемедициналық кеңес алынған

22

Аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысын қамтамассыз ету

Мәжіліс хаттамасы

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

Аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысы 8-рет өткізілді.

23

Темекі шегудің, алкогольді асыра пайдаланудың және есірткі пайдаланудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттау басылымдарын әзірлеу және басып шығару, телерадиохабары каналдарында және қоғамдық ұйымдарда науқандар және жобалар өткізу

Аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы , ҮЕҰ(келісім бойынша)

2011-2015 ж.ж

2012ж. 12 айында темекі шегудің, алкогольді асыра пайдаланудың және есірткі пайдаланудың алдын алу жұмыстар: 353семинар, 12 бұқаралық акция, 4841 дәрістер, 162438 әңгімелер, 78 телехабар, 392 конференция, 282 «Дөңгелек үстел», 2458 сан. бұрыштар, 1855 сұрақ –жауап тақтасы, 1186 сұрақ –жауап кештері, 2307 сан. бюллетень шығырылған

24

Денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын жүргізу




Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

2012 жылы 12 айда Сайрам ауданы Жанатұрмыс медициналық пунктінің құрылысы (Қарабулақ) ауылы, сомасы 20 689 мың теңге, жұмыс және мемлекеттік комиссиясынан өткен. Сайрам ауданы Мартөбе ДА құрылысы (Аксукент) ауылы, сомасы 49 598 мың теңге, құрылысы аяқталып, жұмыс және мемлекеттік комиссиясынан өткен. Сайрам ауданы Машат медициналық пунктінің құрылысы (Аксукент) ауылы, сомасы 20 607,17 мың теңге, құрылысы аяқталып, жұмыс және мемлекеттік комиссиясынан өткен.

25

Денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу




Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

2012 жылы 12 айда аудан бойынша денсаулық сақтау саласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді.

26

Материалдық техникалық жабдықтау




Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы

2011-2015 ж.ж

2012 жылы 12 айда Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау саласына 158 382,3 млн. теңгеге құрал-жабдықтар алынды




Білім беру

1


Мектепке дейін білім беруде балаларды қамту деңгейін арттыру бойынша іс-шарала кешенін жасау және мектепке дейін білім беру жүйесін дамыту

ОҚО Білім басқармасына тапсыру



Білім беру бөлімі

2011 жыл

Мектепке дейінгі білім беруде балаларды қамту деңгейін арттыру және білім беру жүйесін дамыту бойынша 2012 жылы 35 мектепке дейінгі балабақша ашылды және мектепке дейінгі ұйымдар үлесі бойынша 37,6 % болды.

2

Білім беру мекемелерінің ғимараттарын облыстық бюджеттен күрделі жөндеуден өткізу:

ОҚО Білім басқармасына тапсыру



Білім беру бөлімі

2011 жыл

2012 жылы Облыстық бюджет есебінен 5 мектеп, атап айтқанда Тіленшн ОМ, Нұрпейісов ОМ, Рахимов ОМ, Мәртөбе ОМ, Бөкейхан ОМ.Аталған мектептер, облыстық бюджет есесбінен 135511,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Күрделі жөндеу бойынша 12 мектептің ЖСҚ-ын облыстық бюджет есебінен 24000,0 мың теңгеге дайындалды.



3

Білім беру мекемелерінің ғимараттарын аудандық бюджеттен күрделі жөндеуден өткізу:

ОҚО Білім басқармасына тапсыру


Білім беру бөлімі

2011-2015 жыл

2012 жылы аудандық бюджет есебінен 11 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді, атап айтқанда: Горький ОМ, Курмантаев ОМ, Қарабұлақ ОМ, Юсупов ОМ, Сапаарбаев ОМ, Гагарин ОМ, Рустемов ОМ, Сареми ОМ, Бабыр ОМ, Әль-Фараби ОМ, Панфилов ОМ. Аудандық бюджет есебінен 310600,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

4

Білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базаларын жаңарту және күшейту (кабинеттер)

ОҚО Білім басқармасына тапсыру


Білім беру бөлімі

2011 жыл

2012 жылы мектептер бойынша 11 мектепке химия кабинеті берілді, атап айтқанда: Валиханов ОМ, №101 ОМ, Бөкейхан ОМ, Манкент ОМ, Мадени ОМ, №3 Хамза ОМ, Сапарбаев ОМ, №100 ОМ, Жандарбеков ОМ, Қарабұлақ ОМ, Рахимов ОМ. Республикалық бюджет есебінен 42350,0 мың теңгеге жабдықталды. Мектептер бойынша 104 мектеп 2021 дана копьютермен жабдықталды.

5

Мектептерді жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету

ОҚО Білім басқармасына тапсыру


Білім беру бөлімі

2011 жыл

2012 жылы оқулықтармен қамтамсыз ету бойынша 129186,0 мың теңге игерілді.

6

Білім беру мекемелерінде ыстық тамақпен мектеп алды даярлық тобымен бастауыш сыныптарын қамтамасыз ету

ОҚО Білім басқармасына тапсыру


Білім беру бөлімі

2011 жыл

2012 жылы білім беру мекемелерінде 3172 бала ыстық тамақпен қамтылды. Оған қаралған 102004,0 мың тенге жұмсалды.

7

Білім беру мекемелерінің республикалық бюджеттен құрылысы:

ОҚО Білім басқармасына тапсыру


Білім беру бөлімі

2011-2012 жыл

2012 жылы білім беру нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 1840,6 млн.теңге қаралды.




Манкент ауылындағы 900 орындық 1 Май

атындағы орта мектептің құрылысы




қабылдау актісі



Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2011-2012 жыл

Құрылыстың cметалық құны 913000,0 мың теңге. Бас мердігер «NTR» ЖШС-гі. 2012 жылы 272 264,0 мың теңге қарастырылып, оның 272 263,864 мың теңгесі игерілді. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өз жұмысын атқарып, 2012 жылдың 31 тамызында пайдалануға тапсырылды.




Ақсукент ауылындағы М.Мақатаев атындағы 1200 оқушы орындық орта мектеп құрылысы

қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012-2013 ж.ж.

Құрылыстың сметалық құны – 1125974,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-гі 1 114447,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылы республикалық бюджеттен 370678,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 37068,0 мың теңге қарастырылып, оның 407 746,0 мың теңгесі игерілді. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.




Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекеніндегі 600 орындық №89 "Қайнарбұлақ" жалпы орта мектебінің құрылысы

қабылдау актісі


Білім беру бөлімі

Құрылыс бөлімі



2012 жыл

Құрылыстың сметалық құны 635537,0 мың теңге. Нысан құрылысына 2012 жылы тендер өткізіліп «Югстройсервис-Н» ЖШС-гі 627 037,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. 2012 жылы республикалық бюджеттен 571983,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 55 054,0 мың теңге қарастырылып, 627 036,525 мың теңгесі игерілді. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өз жұмысын атқарып, 2012 жылдың 10 желтоқсанында пайдалануға тапсырылды.




Сайрам ауыл округі Қызылсу ауылындағы 300 оқушыға арналған № 36 Сайрам атындағы орта мектеп құрылысы

қабылдау актісі



Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012 жыл

Құрылыстың сметалық құны 429236,0 мың теңге. Нысан құрылысына 2012 жылы тендер өткізіліп, «РСУ-1» ЖШС-гі 416582,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған (ҚМЖ). 2012 жылы республикалық бюджеттен 386 312,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 33 515,0 мың теңге қарастырылып, 419 827,0 мың теңгесі игерілді. Нысанның құрылысы 2012 жылы 30 тамызда пайдалануға тапсырылды.




Жаңаталап ауыл округі, Жаңаталап ауылындағы 600 орындық Тәжібаев атындағы орта мектеп құрылысы.


қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012 жыл

Құрылыстың сметалық құны 712109,0 мың теңге. Нысан құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «АС-Строй» ЖШС-гі жеңімпаз атанып. 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 142 137,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 20000,0 мың теңге қарастырылып, 162 137,0 мың теңгесі игерілген. Нысан 2013 жылға өтпелі.




Сайрам ауданы Құтарыс елді мекеніндегі "Ақ-Қайың" балалар бақшасының ғимаратын қайта құру құрылысы

қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012 жыл

Құрылыстың сметалық құны 97 426,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Қазығұрт Строй Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. 2012 жылы нысан құрылысына республикалық бюджеттен 97 426,0 мың теңге қарастырылды, 80 765,471 мың теңгесі игерілді, 16 660,529 мың теңгесі (алдында атқарылған жұмыстар). бюджетке қайтарылды. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2012 жылы 10 желтоқсанда пайдалануға тапсырылды.

8

Облыстық бюджет есебінен :
















Ақбұлақ ауыл округі, Өтеміс ауылындағы 300 орындық № 38 Абай атындағы жалпы орта мектеп құрылысы

қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012-2013 ж.ж.

Құрылыстың сметалық құны 454,128 млн.теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп, «NTR» ЖШС-гі жеңімпаз аталды.2012 жылы облыстық бюджеттен 433 059,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 13 069,0 млн.теңге қарастырылды, 446 127,360 мың теңгесі игерілді. Нысан құрылысы 2012 жылдың қараша айында пайдалануға тапсырылды.




Ақбұлақ ауыл округі Шапырашты ауылындағы 300 оқушы орынға арналған № 39 С.Бекбосынов атындағы орта мектеп құрылысы

қабылдау актісі


Білім беру бөлімі

Құрылыс бөлімі



2012-2013 ж.ж.

Құрылыстың сметалық құны 432676,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп, «РСУ-1» ЖШС-гі 421979,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. 2012 жылы облыстық бюджеттен 400 880,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 24 378,0 мың теңге қарастырылып, 425 257,743 мың теңгесі игерілді. Нысанның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 2012 жылдың 31 тамызында пайдалануға тапсырылды.

9

Аудандық бюджет есебінен :
















Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы 200 орындық №61 Г.Титов атындағы жалпы орта мектеп құрылысы


қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2011-2012 ж.ж.

Сметалық құны 329919,0 мың теңге. 2012 жылы «Қаржан-Тау» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша 164167,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. 2011 жылы аудандық бюджеттен 10000,0 мың теңге игерілді. 2012 жылы аудандық бюджеттен 310 503,0 мың теңге қарастырылып, 310 502,123 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2012 жылдың 31 тамызыңда пайдалануға тапсырылды.




Сайрам ауданы Көлкент ауылы Ленин көшесіндегі 200оқу орындық № 96 жалпы орта мектебінің құрылысы

қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі

2012-2013 ж.ж.

Сметалық құны 350930,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп, «Құлас-Құрылыс» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. 2012 жылы аудандық бюджеттен нысан құрылысына 256 723,0 мың теңге қарастырылып, 256 723,0 мың теңгесі игерілді. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.




Сайрам ауданы Көлкент ауыл округі Шапырашты ауылында орналасқан №71 Қарасай Батыр атындағы 150 орындық орта мектебінің құрылысы

қабылдау актісі


Құрылыс бөлімі Білім беру бөлімі


2012-2013 ж.ж.

Сметалық құны 296581,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «Мамырби» ЖШС-гі жеңімпаз атанған. 2012 жылға аудандық бюджеттен нысан құрылысына 171447,0 мың теңге қарастырылған, 171447,0 мың теңге игерілді. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.





Әлеуметтік сала

1

Жұмыспен қамту бағдарламасы-ның іске асырылуы




Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдері

2011-2015 ж.ж

Есепті мерзімде ақылы қоғамдық жұмысқа 993 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып жергілікті бюджеттен осы мақсатқа жоспарланған 30052,0 мың теңге толығымен игерілді.

Нысаналы топтағы 36 азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына тарту жоспарланса, 36 азамат әлеуметтік жұмыстарға тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына нақтыланған 1722,0 мың тенге толығымен игерілді.Жергілікті бюджет есебінен еңбек рыногының сұранысына қажет мамандықтарға 110 адам оқытылып, кәсіби мамандық алған азаматтар толығымен жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2012 жылы ауданымызға Республикалық бюджеттен 921 млн 654 мың теңге қаржы нақтыланған. Бағдарламаның бірінші бағыты немесе жұмыссыздарды кәсіби мамандықтарға оқыту және тұрақты жұмыспен қамту бойынша, жұмыспен қамту орталығы арқылы 175 адам қайта даярлау және 10 адам біліктілігін арттыру курстарын бітіріп, толығымен жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша 426 адам 2012-2013 оқу жылдарына оқуға жолданып, аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде кәсіптік мамандықтарға оқытылуда. Жыл ағымында нысаналы топқа жататын 747 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тартылып, оларға Республикалық бюджет есебінен 100 млн 951 мың теңге еңбекақы төленді. Кәсіптік, орта арнайы және доғары оқу орындарын бітірген жас мамандарға «Жастар практикасы» ұйымдастырылып, практикаға 782 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 445 жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты немесе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 125 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқытылды. Жыл ағымында өз кәсіпкерліктерін ашуға және дамытуға 123 адамға 278,3 млн теңге шағын несие берілді.Бағдарламаның төртінші бағыты немесе инфрақұрылымды дамыту бойынша ауданда қаралған 11 жобаға 235 млн 154 мың теңге қаржы қаралды. Осы жұмыстарға жергілікті тұрғындар есебінен 250 адам жұмысқа тартылды.



2

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Жәрдемақы

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдері

2011-2015 ж.ж

Есепті мерзімде 46 отбасына немесе 186 адамға 4815,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, аудан бойынша кедей азаматтардың үлесі тұрғындардың 0,03 пайызын құрады. Олар негізінен көп қабатты үйлерде тұратын, көп балалы және жалғыз басты аналар.


3

Тұрғын үй көмегін көрсету

Тұрғын үй көмегі

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдері

2011-2015 ж.ж

2012 жылы аз қамтылған 803 отбасына 26245,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.


4

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақымен қамтамасыз ету

жәрдемақы

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдіктері

2011-2015 ж.ж

Есепті мерзімде 5425 отбасына немесе 20037 балаға 313242,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда жәрдемақы алатын отбасылар саны 47 отбасына кеміді.


5

Зейнеткерлер арасындан жекелеген санаттағы азаматтарды Манкент шипажайларында сауықтыруды қамтамасыз ету

аудан әкідігіне ақпарат, жылына 2 рет

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдіктері

2011-2015 ж.ж

Жекелеген санаттағы азаматтардың денсаулықтарын сауықтыру мақсатында, «Денсаулық» шипажайына 5300,0 мың теңгеге 136 жолдама сатып алынды.


6

1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы жеңістің мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне соғыста қаза болған әскери қызметшілердің жесірлеріне материалдық қолдау көрсету.

ҰОСҚ, ҰОСМ,пәк аналар Венгр соғысына қатысушыларға әлеуметтік көмек

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл әкімдіктері

2011-2015 ж.ж

9 мамыр-Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 67 жылдық мерекесіне орай, 67 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, пәк аналарға, Венгр оқиғасына қатысушыларына 10,0 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді және осы мақсатқа 1712,0 мың теңге қаржы жұмсалды.


7

Қарттар күнімен мүгедектер күні мерекелері құрметіне салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру

Жалғызілікті қарттар мен аз қамтылған мүгедектер

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім

2011-2015 ж.ж

«Халықаралық қарттар күні» және «Мүгедектер күні» мерекесіне орай 614 мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға жергілікті бюджет есебінен 718,4 мың теңгеге азық түлік жиынтығы берілді.


8

Халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру-80 жастан асқан жалғызілікті қарт азаматтардың зейнетақыларына ай сайын қосымша ақы төлеу

Жалғызілікті қарттардың зейнетақыларына қосымша бір реттік көрсеткіш ретінде

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім

2011-2015 ж.ж

2012 жыл ағымында 80 жастан асқан 22 жалғызілікті қарттарға айына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 395,4 мың теңге қосымша төлемақы төленді.


9

Облыстық және жергілікті мерзімді басылымдарға тегін жаздыру /ҰОС ардагерлері ЧАЭС апатына қатысушылар ардагерле рқоғамының Семей ядролық полигонын жоюға қатысқан ардагерлер

ҰОС ардагерлері, ЧАЭС апатына қатысушылар ардагерлер қоғамының төрағалары Семей ядролық полигонын жоюға қатысқан ардагерлеріне аудандық және аудандық және облыстық газеттерге жеңілдекпен жаздыру

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім

2011-2015 ж.ж

ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне, аз қамтылған Ауған соғысының ардагерлеріне, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар мен Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарға, бастауыш ардагерлер қоғамының төрағаларына жергілікті және облыстық басылымдарын жаздыруға барлығы 188 адамға 565,1 мың теңге қаржы жергілікті бюджет есебінен аударылды.


10

Балалар үйінде тәрбіеленген жоғары және орта оқу орындарында оқитын жетім балаларға шәкіртақы төлеуді ұйымдастыру

Сайрам және Қайнарбұлақ балалар ұйін бітірушілеріне шәкітрақы төлеу

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім

2011-2015 ж.ж

Сайрам және Қайнарбұлақ балалар үйінде тәрбиеленіп, жоғары және орта оқу орындарында оқитын 78 жетім балаларға 1845,0 мың теңге шәкірт ақы төленді.


11

АҚТҚ инфекциясын жұқтырған балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек ұйымдастыру

АҚТҚ инфекциясын жұқтырған балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім

2011-2015 ж.ж

АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 6 баланың отбасына өтемақы ретінде 1869,7 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 31 балаға, облыстық бюджеттен 13318,0 мың теңге қаржы төленді.

12

Бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету

Ауған соғысындағы ардагерлеріне Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтарға Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай және денсаулығын емдетуге мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек корсетуді ұйымдастыру

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

Жекелеген санаттағы 368 азаматтарға (Ауғанстан соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтарға), шұғыл емделуді қажет еткен жекелеген санаттағы азаматтарға 1698,4 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді

13

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді қол-арбамен қамтамасыз ету

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

2012 жылы қол арбаға мұқтаж 81 мүгедекке жергілікті бюджет есебінен 2040,0 мың теңгеге қол арба алып берілсе, облыстық басқарма есебінен 26 дана, демеушілер есебінен 10 дана қол арба таратылды. Барлығы 117 қол арба берілді.


14

Жүріп-тұруы қиын 1 топтпғы мүгедектер үшін жеке көмекші беру

Жүріп-тұруы қиын 1 топтпғы мүгедектер үшін жеке көмекші беру

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

Жүріп тұруы қиын І топтағы, 71 мүгедекке 35 жеке көмекші бекітіліп, оларға 9823,0 мың теңге жалақы төленді.


15

Естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру

Естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілініңмаманын беру

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

34 естуі бойынша мүгедектерге 6 ымдау тілінің маманы бекітіліп, оларға 2400,0 мың теңге жалақы төленді

16

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту, олардың тұрмыс деңгейін жақсарту

Мұқтаж мұгедектерге міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз ету

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

Міндетті гигиеналық заттарға мұқтаж 403 мүгедекке памперс сатып алу үшін жергілікті бюджет есебінен 19946,0 мың теңге қаржы жұмсалды.


17

Естуі бойынша мүгедектердің сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілуін және есту протезін қоюға есту орталығына құжаттарды дайндау және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Есту бойынша құралдар, жолдама

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

2012 жыл ағымында 55 мүгедек сурдо техникалық құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 36- есту аппараты, 6 –көп функционалды дабылды жүйе, 8-ұялы телефон, 4-саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат, 1-телефакс.

18

Көруі бойынша мүгедектердің тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету құжаттарды дайындау бойынша мемлекеттік қызмет корсетуді ұйымдастыру

Тифло құралдар

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

2012 жыл ағымында 7 зағип жандарға таяқша, 5-дыбысты қол сағат, 4-Брайл жүйесі бойынша жазу құралдары және грифель құралдары, 100 бет арнайы қағаз, 7-тифлоплеер, 2-тифломагнитолла, 2-диктофон, 1-компьютерлік тилокешен берілді.

19

Үйде тәрбиеленген жоғары және орта оқу орындарында оқитын жетім балаларға шәкіртақы төлеуді ұймыдастыру

Жәрдемақы

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2011-2015 ж.ж

Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі 262 балаға оқу құралдарына 3425,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Каталог: sites -> default -> files -> doc
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
doc -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
doc -> Сайрам ауданы әкімінің У.Қайназаровтың 2010 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі
doc -> Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жыл ағымында атқарған жұмыстары туралы мәлімет Халықты жұмыспен қамту
doc -> Қ. Жұбанов атындағы
doc -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
doc -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
doc -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет