Бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең


Қаржылық қаражаттарды игеру



бет10/12
Дата10.04.2017
өлшемі2,12 Mb.
#13648
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5. Қаржылық қаражаттарды игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

Мың теңге



Нақты,

мың теңге



Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

Өнеркәсіп

Басқа көздерден

-

953100,0

«Максимум» АИО арқылы қаржыландырылған жобалар

Жиынтығы

-

953100,0




Білім беру

Республикалық бюджет

1 384 082,0

1 375 831,1

8250,9 м үнемделген қаржы

Облыстық бюджет

448 319,0

448 129,0

190,0 мың теңге үнемделген қаржы

Жергілікті бюджет

10 324 814,0

10 321 148,5

3665,5 мың теңге. күрделі жөндеуден үнемделген қаржы.

Жиынтығы

12 157 215

12 145 108,6
















Денсаулық сақтау

Республикалық бюджет

2 043 378,1

2 043 378,1




Облыстық бюджет

2 092 823,9

2 092 823,9




Жиынтығы

4 136 202,0

4 136 202,0




Әлеуметтік сала

Республикалық бюджет

252 ,6

252,5

2,4 мың теңге үнемделген

Облыстық бюджет

13, 3

13,3




Жергілікті бюджет

555, 7

555,7

5,5 мың теңге үнемделген

Жиынтығы

821 589

821 581,1




Спорт

Жергілікті бюджет

26 175,0

26 175,0




Жиынтығы

26 175,0

26 175,0




Мәдениет және тілдерді дамыту

Жергілікті бюджет

251 246

251 246




Жиынтығы

251 246,0

251 246,0




Құрылыс

Білім беру

Республикалық бюджет

1 743 374,0

1 743 373,864

0,136 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

Облыстық бюджет

981 576,0

981 574,994

1,006 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

Жергілікті бюджет

825 720,0

825 718,757

1,243 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

Жиынтығы

3 550 670,0

3 550 667,6




Ауыз су

Республикалық бюджет

250 000,0

250 000,0




Облыстық бюджет

607 840,0

607 840,0




Жергілікті бюджет

27 262,0

27 260,710

1,290 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

Жиынтығы

885102,0

885 100,71




Елді мекендерді көркейту

Жергілікті бюджет

145 371,0

145 370,928

0,072 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы»

Республикалық бюджет

97 426,0

80 765,471

16660,529 мың тенге конкурстан үнемделген қаржы

Жалпы жиынтығы

4 678 569,0

4 661 904,709




Ішкі саясат

Жергілікті бюджет

24 999,0

24 999,0




Жиынтығы

24 999

24 999







Коммуналдық шаруашылық

Республикалық бюджет

98050,0

95970,0

2080,0 мың теңге үнемделген

Жергілікті бюджет

303106,0

303000,0

106,0 мың теңге үнемделген

Жиынтығы

401156,0

398 970,0



Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Республикалық бюджет

60750,0

60450,0

300,0 мың теңге үнемделген

Облыстық бюджет

216589,0

216588,0

1,0 мың теңге үнемделген

Жергілікті бюджет

111290,0

110690,0

600, 0 мың теңге үнемделген

Жиынтығы

388 629,0

387 728,0




Жиынтығы

789 785,0

786 698,0





Барлығы аудан бойынша

Республикалық бюджет

5 677 312,7

5 650 021,035

27 291,665

Облыстық бюджет

4 347 161,2

4 346 969,194

192,006

Жергілікті бюджет

12 040 538,7

12 036 164,595

4 374,105

Басқа көздері

-

953 100,0

953 100,0

Аудан бойынша

22 065 012,6

22 986 254,824

921 242,224




6. Талдамалы жазбахат.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы «ҚР кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №371 Жарлығына және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №12-74/ V шешімімен «Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Даму бағдарламасында 2012-2015 жылдарға 40 нысаналы индикатор мен 128 нәтиже көрсеткіштер тізбесі облыстың салалық басқармаларының келісімі алынып әзірленді. Даму бағдарламасына мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері және жету жолдары» бөлігі бойынша жылдың қорытындысы бойынша жүргізіледі

Сайрам ауданының даму бағдарламасына мониторинг ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 1 шілдедегі «Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекiту туралы» №100 бұйрығына сәйкес жасалынды.



Экономикалық көрсеткіштер

Сайрам ауданы - халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, әрі даму потенциалы аса жоғары көпұлтты аймақ. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Егер 2011 жылы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 117,1 млрд.теңге болса, 2012 жылы 119,6 млрд.теңгені құрады, яғни 2,5 млрд.теңгеге немесе 2,1 пайызға өсіп отыр. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 385,0 мың теңгені құрады. Ауданның өнеркәсіп саласында 33,1 млрд.теңгенің, шағын кәсіпкерлікте 18,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілсе, ауыл шаруашылық саласында 31,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім сәйкесінше 113,7 %, 124,7 % және 106,0 % құрады. 2012 жылы 12,7 млрд.теңге инвестиция тартылып, 28299 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Аудан бойынша орташа еңбекақы 68,6 мың теңгені, ал бір айға есептелінген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14860 теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 107,0 % және 103,8 %-ға артқан. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап немесе былтырғы жылдың деңгейінде сақталды.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

Аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің 27,6 пайызын өнеркәсіп өнімі құрайды. Ауданда 118 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 9 орта, 95 шағын және 11 қосалқы кәсіпорындар құрайды.

Аудан өнеркәсібі 3 басымдықта дамуда:

1 басымдық - тамақ өнеркәсібі саласы - ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сусындар шығару. Бұл салада 2012 жылы 15999,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 17,9% құрады. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 52,8%.

2 басымдық - ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау. Мұнда 985,1 млн.теңгеге өнім өндіріліп, өсім 63,7% құрады.

3 басымдық - құрылыс материалдарын шығаратын өндірістің дамуы. Бұл салада 7465,4 млн.теңге өнім өндіріліп, өсім 46,9 % құрады.

Өнеркәсіп саласының 91,6% өңдеу өнеркәсібі құрайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар 30306,6 млн.теңгенің өнімін өндірген.

Жалпы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 2012 жылы 33068,0 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2011 жылмен салыстырғанда 113,7% немесе 3973,6 млн.теңгеге артып отыр. Ал нақты көлем индексі 103,7% құрады. Жалпы бұл салада 509 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен құсқа арналған жылыту құбырларын шығаратын өндіріс "Қаз құс батареясы" ЖШС іске қосылып, 30 жұмыс орнын ашты.

Өнеркәсіп саласының дамуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы едәуір өз әсерін тигізуде. Келісім бойынша Индустриаландыру картасына 2012 жылы 7 жоба енгізу жоспары болса, нақты 10 жоба еніп, 2012 жылы оның 5 жобасы іске асып, барлығы 159 жаңа жұмыс орындары ашылды, олар:

1) «Алтын дән» ЖШС - 500 мал басын бордақылайтын цехты модернизациялап, жаңадан сүт өңдеу жүйесін іске қосты, 22 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылғаннан бері 30 тонна ірі қара мал еті, 665,6 тонна сүт немесе барлығы 31,2 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2) Медицинаға қажетті бір рет қолданатын бұйымдар шығаратын «Эко фарм Интернейшнл» ЖШС кәсіпорны іске қосылып, бүгінгі таңда 65 адам жұмыспен қамтылған.

3) «СММК Жаңа-Талап» ЖШС- сүт фермасы мен сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 19 жаңа жұмыс орнын ашты. Жобаның қуаттылығы жылына 280 тонна сүт өнімдерін өндіру.

4) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы, бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның қуаттылығы 2500 дана тігін бұйымдарын шығару.

5) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған "Kagaz Shahary SEZ" ЖШС қағаз шығаратын кәсіпорын, ашылған жұмыс орны 33 адам. Кәсіпорын күніне 20 тонна «Бәйтерек» маркалы қораптық қағаздарын шығаруда. Шикізат беруші Финляндия мемлекеті.

2012 жылдың қыркүйек айында жалпы құны 2490,0 млн.теңгелік тағы 7 жоба индустриаландыру картасы аясында үйлестіру кеңесіне ұсынылды, оның ішінде 5 жобасы нақты мақұлданып отыр:

1. ЖК Ифтихари -2 га жер теліміне жылыжай құрылысы, ашылатын жұмыс орны 43 адам.

2. «Барыс 2007" - кондитерлік тағамдар шығаратын цех құру, ашылатын жұмыс орны 50 адам.

3. «Компания РЭТ" - керамикалық кірпіш шығаратын зауыт құрылысы, ашылатын жұмыс орны 50 адам.

4. "Акмаль ЛТД" ЖШС - сүт өнімдерін, кондитерлік және ет өнімдерін шығару, ашылатын жұмы орны 75 адам.

5. "Аквалайф" ШҚ- балық шаруашылығы, солтүстік бекре балығы және қара, қызыл уылдырық шығару өндірісін дамыту жобасы, ашылатын жұмыс орны 20 адам.

Осы жобалардың 3-ін 2013 жылы, 2-ін 2014 жылы іске қосу жоспарлануда. Осы жобалар іске қосылған жағдайда қосымша 238 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осы сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы экономикадағы инвестициялық белсенділікті қамтамасыз етуге қол жеткізетін боламыз.

2012 жылы ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 10893 бірлікке жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 18415,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда өсім 32,0 % артты, ал 2010 жылмен салыстырсақ өсім 1,5 есеге жетіп отыр. Төлеген салық төлемдері 1409,6 млн.теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 33,1 пайызға артқан.

2012 жылы ауданда жаңадан 200 кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 770 адам жұмыспен қамтылды. 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе артық. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге қолдау көрсету жүйесі жақсарып келеді. Мысалға, «Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС арқылы 829,3 млн.теңгеге 152 жоба мақұлданып, оның 151 жобасы 953,1 млн.теңгеге нақты қаржыландырылды. Осы қаржыланған жобалар есебінен 2011 жылы 263 жұмыс орны ашылса, 2012 жылы 287 жұмыс орны ашылып отыр. «Бизнестің жол картасы 2020 » бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012 жылы 24 жобаны ұйымдастыру керек болса, нақты 26 жоба ұсынылып, бүгінгі таңда құны 5158,2 млн.теңгелік 20 жоба аталған бағдарлама аясында қаржыланды. Оның ішінде: 14 жоба бірінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау, 6 жоба инфрақұрылымдарды жеткізу бойынша. Сонымен қатар, жақында ауданымызда алғашқылардың бірі болып, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы ашылып, аудан кәсіпкерлеріне тиімді қызмет көрсетуде.
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ

Бұл салада 2012 жылы 31025,5 млн. теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға артқан және ауданда өндірілетін жалпы өнімнің 26,0 пайызы осы саланың үлесіне тиесілі.

Ауданда барлық ауыл шаруашылығы жер көлемі 128 068 гектарды құрайды, оның ішінде айдалмалы жер 85400 гектар, оның 25290 гектары суармалы, көпжылдық екпелер 4850 гектарды құрайды.2012 жылы 70486 гектар жерге егістік жоспарланған болса, егілгені 64 300 га, жоспар 92,6%-ға орындалды. Егістік жерлердің толық пайдаланылмауына күз және көктем айларындағы ауа-райының қолайсыздығы әсер етті. Ауданымыздың дихандарының қажырлы еңбегінің арқасында 2012 жылы 20 000 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 12,0 центнерден өнім алынды.

Көктемгі егіске кеткен шығындарды өтеу үшін берілетін субсидияны игеру бойынша жоспарланған 189,9 млн теңге толық игерілді. Көп жылдық екпелерді жаңа технологиялар бойынша өсірумен айналысатын шаруашылықтарға 53,0 млн теңге көлемінде субсидия төленді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағамен 5700 тонна жанар май алуға тапсырыс беріліп, оның 4560 тоннасы немесе 82% аудан агроқұрылымдарына таратылды. Ауданның қажеттілігіне сәйкес жеңілдетілген 1760 тонна тыңайтқышқа тапсырыс беріліп, агроқұрылымдарға 2496 тоннасы таратылды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша берілген тапсырмаларға тоқталсақ, 2012 жылға облыс тарапынан 900 га жерге тамшылатып суару жүйесін ендіруге тапсырма берілсе, барлығы 25,0 га ғана тамшылатып суару әдісі енгізілді.

Аудан бойынша бүгінде агроқұрылымдарда 50,13 га жылыжай жұмыс жасауда. 2012 жылы жоспар 15 га деп белгіленген, 2012 жылы 17,77 га жылыжай іске қосылып, жоспар 118,5 пайызға артығымен орындалды.

Аудан бойынша қолданыста сиымдылығы 11,0 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы бар. Осыған қосымша 2012 жылы сиымдылығы 6,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын ашу тапсырылып, қосымша сиымдылығы 6,6 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды.

Елбасы тапсырмасында мал шаруашылығы саласында етті бағыттағы мал басын көбейту міндеті қойылған. Осы бағытта аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 645 бас аналық мүйізді ірі қара алынып, тапсырма 2,7 есеге артығымен орындалды.

Қолдан ұрықтандыру бойынша аудан көлемінде 15500 бас МІҚ ұрықтандыру көзделсе, оның ішінде 6000 басы етті бағытта. Тапсырма 100 пайызға орындалды. Аудан бойынша 2012 жылы жаңадан 7 мал бордақылау орындары іске қосылып, қосымша 2000 бас бордақылауда. Ауданда жалпы мал бордақылау орындарының саны 107 –ге жетті.

Ауданда бүгінгі таңда 3230 дана ауыл шаруашылығы техникалары бар.2012 жылы аудан аумағында орналасқан агроқұрылымдар 35 жаңа ауыл шаруашылық техникасын алды,тапсырма 125,0 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мақсатында ет өңдейтін 1 цех ашылды.

2011 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімдерінен ет өндіру 105,5 % және сүт өндіру 102,2% артып отыр. Жеміс, көкөніс 158,2 мың тн өндіріліп, оның 11,2 % қайта өңделді. Ал еттің 31,8 пайызы, сүттің 5,1 пайызы қайта өңделді. Аудан көлемінде бүгінгі таңда 152-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасауда.

Аудан бойынша салынатын 27 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің барлығының жерге мемлекеттік актілері толық дайындалды.

2012 жылы аудан бойынша 14 канал механикалық тазалаудан өтіп, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 183,0 млн теңге қарастырылды.

Ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарының нәтижесінде ауданның арнайы жер қорына 1194 га жер көлемі қайтарылды. Сонымен қатар, ескерту берілмей түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 872 га жер телімінің иелері пайдаланбай жатқан жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына қайтарып, аталған жер телімдері заңға сәйкес иесіз мүлік ретінде тіркеуге алынды.


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет