1.Білім беру саласындағы құрылыстар
Республикалық бюджет.
1. ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылындағы 900 орындық 1 Май атындағы орта мектептің құрылысы
Манкент ауыл округіндегі 900 оқушыға арналған 1-Май ОМ құрылысы
2010 жылда басталған. Сметалық құны 913000,0 мың теңге. Бас мердігер «NTR» ЖШС-гі. 2011 жылда республикалық бюджет есебінен 562504,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 56250,0 мың теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен игерілген. 2012 жылға 272 264,0 мың теңге қарастырылып, оның 272 263,864 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өз жұмысын атқарып, 31 тамызда пайдалануға тапсырылған.
2. ОҚО, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы М.Мақатаев атындағы 1200 оқушы орындық орта мектеп құрылысы
Құрылыстың сметалық құны – 1125974,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-гі 1 114447,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 370678,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 37068,0 мың теңге қарастырылып оның 407 746,0 мың теңгесі игерілген. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жургізілуде. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.
3. ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекеніндегі 600 орындық № 89 "Қайнарбұлақ" жалпы орта мектебінің құрылысы.
Құрылыстың сметалық құны 635537,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «Югстройсервис-Н» ЖШС-гі 627 037,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 571983,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 55 054,0 мың теңге қарастырылып, 627 036,525 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өз жұмысын атқарып, 10 желтоқсанда пайдалануға тапсырылған.
4. ОҚО, Сайрам ауданы Сайрам ауыл округі Қызылсу ауылындағы 300 оқушыға арналған Сайрам атындағы № 36 орта мектептің құрылысы
Құрылыстың сметалық құны 429236,0 мың теңге Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «РСУ-1» ЖШС-гі 416582,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған (ҚМЖ). 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 386 312,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 33 515,0 мың теңге қарастырылып, 419 827,0 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылысы пайдалануға тапсырылған.
5. ОҚО, Сайрам ауданы, Құтарыс елді мекеніндегі "Ақ-Қайың" балалар бақшасының ғимаратын қайта құру құрылысы
Құрылыстың сметалық құны 97 426,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «Қазығұрт Строй Сервис» ЖШС-гі жеңімпаз атанған. 2012 жылға нысан құрылысына республикалық бюджет есебінен 97 426,0 мың теңге қарастырылған, 80 765,471 мың теңгесі игерілген, 16 660,529 мың теңгесі (алдында атқарылған жұмыстар). бюджетке қайтарылған. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясы өз жұмысын атқарып, 10 желтоқсанда пайдалануға тапсырылған.
6. Сайрам ауданы Жаңаталап ауыл округі, Жаңаталап ауылындағы 600 орындық Тәжібаев атындағы орта мектеп құрылысы
Құрылыстың сметалық құны 712109,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «АС-Строй» ЖШС-гі жеңімпаз атанып. 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 142 137,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 20000,0 мың теңге қарастырылған, 162 137,0 мың теңгесі игерілген. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылыс 2013 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет.
1. ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауыл округі, Өтеміс ауылындағы 300 орындық № 38 Абай атындағы жалпы орта мектеп құрылысы
Құрылыстың сметалық құны 454,128 млн.теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «NTR» ЖШС-гі жеңімпаз аталды. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 433 059,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 13 069,0 млн.теңге қарастырылған, 446 127,360 мың теңгесі игерілген. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға тапсырылған.
2. Сайрам ауданы Ақбұлақ ауыл округі Шапырашты ауылындағы 300 оқушы орынға арналған № 39 С.Бекбосынов атындағы орта мектеп құрылысы
Құрылыстың сметалық құны 432676,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «РСУ-1» ЖШС-гі 421979,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 400 880,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 24 378,0 мың теңге қарастырылып, 425 257,743 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2012 жылдың 31 тамызыңда пайдалануға тапсырылған.
Аудандық бюджет.
1. ОҚО Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы 200 орындық № 61 Г.Титов атындағы жалпы орта мектеп құрылысы
№ 61 Г.Титов атындағы жалпы орта мектеп құрылысы 2011 жылда басталған. Сметалық құны 329919,0 мың теңге. Нысан құрылысына 2011 жылы тендер өткізіліп «Қаржан-Тау» ЖШС-гі 105000,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылы «Қаржан-Тау» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша 164167,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2011 жылда аудандық бюджет есебінен 10000,0 мың теңге игерілген. 2012 жылға аудандық бюджет есебінен 310 503,0 мың теңге қарастырылып, 310 502,123 мың теңгесі игерілген. Нысанның құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, 2012 жылдың 31 тамызыңда пайдалануға тапсырылған.
2. ОҚО, Сайрам ауданы Көлкент ауылы Ленин көшесіндегі 200 оқу орындық № 96 жалпы орта мектебінің құрылысы
Көлкент ауыл округіндегі 200 оқушы орынға № 96 мектеп құрылысының сметалық құны 350930,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «Құлас-Құрылыс» ЖШС-гі жеңімпаз атанған. 2012 жылға аудандық бюджет есебінен нысан құрылысына 256 723,0 мың теңге қарастырылған, 256 723,0 мың теңге игерілген. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылыс 2013 жылға өтпелі.
3. ОҚО Сайрам аудандық Көлкент ауыл округі Шапырашты ауылында орналасқан № 71 Қарасай Батыр атындағы 150 орындық орта мектебінің құрылысы
Көлкент ауыл округіндегі 150 оқушыға арналған Қарасай Батыр мектеп құрылысының сметалық құны 296581,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылы тендер өткізіліп «Мамырби» ЖШС-гі жеңімпаз атанған. 2012 жылға аудандық бюджет есебінен нысан құрылысына 171447,0 мың теңге қарастырылған, 171447,0 мың теңге игерілген. Нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылыс 2013 жылға өтпелі.
4. Ақсукент ауылы орталық саябақ аумағында «Неке сарайы» ғимаратының құрылысы.
Ақсукент ауылы орталық саябақ аумағында «Неке сарайы» ғимараты құрылысының сметалық құны 156 569,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылдың маусым айында ашық конкурс өткізіліп оның қорытындысына сәйкес «РСУ-1» ЖШС-гі (Директоры Н.Сулайманов) жеңімпаз атанған. 2012 жылға аудандық бюджет есебінен нысан құрылысына 145 371,0 мың теңге қарастырылған, 145 371,0 мың теңгесі игерілген. Ағымдағы жылдың 15 қарашасында нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2. Ауыз су саласындағы құрылыстар
Республикалық бюджет.
1. ОҚО, Сайрам ауданы Манкент ауыл округіне қарасты Манкент елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы. Манкент ауыл округіне қарасты, Манкент елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 939,237 млн. теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-і 912000,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2011 жылы Республикалық бюджет есебінен 29858,0 мың теңге игерілген. Ал 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 250000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 275 000,0 мың теңге жыл соңына толығымен игерілді. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет.
1. ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауыл округі қарасты Ақбұлақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы. Ақбұлақ ауыл округіне қарасты, Ақбұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 282300,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Star-Stroi» ЖШС-гі 262750,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 251070,0 мың теңге бөлінген, ал аудандық бюджеттен 13 543,0 мың теңге қарастырылған, жалпы 264 613,0 мың теңге аударылып толығымен игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.
2. ОҚО, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауыл округі қарасты Бадам-1 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы. Қаратөбе ауыл округіне қарасты, Бадам-1 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 285940,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Строй-Сервис-7» ЖШС-гі берілген 266319,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 261311,0 мың теңге бөлінген, ал аудандық бюджеттен 13753,0 мың теңге қарастырылған, жалпы 268 208,0 мың теңге аударылв, толығымен игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.
3. ОҚО Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округіне қарасты "Оңтүстік" елді мекеніндегі су өткізгішінің құрылысы. Жұлдыз округіне қарасты «Оңтүстік» елді мекенін ауыз сумен қамтамсыз ету құрылысының сметалық құны 126034,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша ЖК «Амиров» жеңімпаз атанған. 2012 жылы құрылыс нысанына облыстық бюджеттен 77281,0 мың теңге қарастырылып, 77 281,0 мың теңгесі игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.
ТҰРҒЫН - ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Ауыз су. 2012 жылы аудандық бюджет есебінен 74,8 млн. теңгеге ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Олар Арыс ауыл округі Нұржанқорған, Ақбұлақ ауыл округі Шапырашты , Көлкент ауыл округі Жантақсай, Құтарыс ауыл округі Авангард, Жұлдыз ауыл округі Қарабастау, Қайнарбұлақ ауыл округі Шіркін ауылдары және Көлкент ауылына су ұңғысын қазу және құбыр тарту, Оймауыт ауылындағы су ұңғысын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында Көлкент ауыл округі Қосбұлақ ауылының ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 32,0 млн теңге қаралып, пайдалануға тапсырылды.Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 елді мекендегі 512 ауладағы 2560 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
2013 жылғы аудандық бюджет есебінен Жібек Жолы ауыл округіне қарасты Машат елді мекенінде және Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Шіркін елді мекенінде ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 30,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстарын наурыз айынан бастап жүргізу жоспарланып отыр.
Жол жөндеу. Облыстық бюджет есебінен 15 көшені (27,43 шақырым) орта жөндеуге 210,1 млн.теңге қаржы қаралып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 11 көшені (7,9 шақырым) ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарына 57,4 млн.теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 6 көшені (8,1 шақырым) орта жөндеуден өткізуге 60,7 млн.теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен облыстық маңызы бар КХ-3, КХ-36, КХ-40, КХ-42 (барлығы болып 74 шақырым) автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді. Облыстық бюджет есебінен КХ-82 облыстық маңызы бар автомобиль жолдағы Сайрам өзенінің үстіндегі көпір күрделі жөндеуден өткізілді.
Энергетика саласы. Аудандық бюджет есебінен 12 дана трансформатор орнатуға 35,3 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда электр трансформаторлары орнатылды. Сонымен қатар , аудандық бюджет есебінен 7 көшеге (6,7 шақырым) жарықтандыру жұмыстарына 18,6 млн.теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 8 көшеге (11,9 шақырым) жарықтандыру жұмыстарына 34,0 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 22,0 млн.теңге қаралып, 5 көшеге (7,3 шақырым) жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Барлығы болып 2012 жылы 20 көшеге (25,9 шақырым) жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру. 2012 жылы аудан бойынша абаттандыру және көгалдандыру саласында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
Ақсукент-2 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер аумағындағы 10 дана қоқыс жинау орындарының ретке келтіру жұмыстары.
Ақсукент-2 мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің аулаларына 10 дана балалар ойнайтын алаңшаларын құрылысы.
Қарабұлақ ауылындағы ардагерлер саябағын «Тәуелсіздік» саябағына қайта құру жұмыстары.
Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесіндегі құрметті азаматтар саябағын «Ынтымақ» саябағына қайта құру жұмыстары.
Қарабұлақ ауылы, Рүстемов көшесінде «Ардагерлер» аллеясын құру бойынша жұмыстар.
Ақсукент ауылы, Сұраншы Батыр көшесінде сквер жасау бойынша жұмыстар.
Ішкі саясат .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Ақпараттық насихат топтары» туралы аудан әкімінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы №11 өкімімен ақпараттық насихат топтардың құрамы бекітілді. Ауданда 17 ауыл округінде 17 ақпараттық - насихат топ құрылып, құрамына 129 адам қамтылды. Бірыңғай саяси ақпарат күні әр айдың соңғы сәрсенбісінде өткізу белгіленді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауының Сайрам ауданында іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі МЕДИА- ЖОСПАРы әзірленіп, бекітілді. Бекітілген медиа – жоспарға сәйкес, «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газет беттерінде Жолдауға байланысты арнайы айдарлар ашылды, атап айтқанда: «Жолдауға қолдау», «Жолдау – көшбасшымыз», «Ел назары – Елбасы Жолдауында», «За строкой Послания», «Элбоши Мактуби-умумхалқ мухокамасида».
Газет беттерінде Жолдауға байланысты ашылған арнайы айдарлармен 87 мақала жарияланды. Бұдан бөлек «Егемен Қазақстан» газетінде – 1 мақала, «Онтүстік Қазақстан» газетінде 3 мақала, «Жанубий Козоғистон» газетінде – 4 мақала, «Южный Казахстан» газетінде – 3 мақала, «Айқын» газетінде -1 мақала жарияланды. Алдағы осы қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің, жастар өкілдерінің, жалпы аудан тұрғындарының Жолдауы туралы ой-пікірлерін жариялау жұмыстары жалғасып, республикалық, облыстық және жергілікті газеттерінің беттеріне мақалалар шығару жұмыстары жүргізілуде.
«Сайрам» телеарнасында Елбасының Жолдауына байланысты арнайы айдарлар ашу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге «Жолдауға қолдау», «Жүздесу» арнайы айдарлар ашылып, үздіксіз материалдар жариялануда, барлығы 912 сюжет, хабарлама – ақпараттар берілді. Бұдан бөлек «Хабар», «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ», «Отырар» телеарналарында жалпы 8 бейнесюжеттер көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасын насихаттау және түсіндіру мақсатында 82 кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. 2012 жылдың 14 тамызында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне арнайы шақыруымен М.Ауэзов атындағы ОҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, лектор Ғаппар Маймақов Елбасының «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасы бойынша лекция оқып берді. 2012 жылдың 22 тамыз күні ҚР Парламент Сенатының депутаты, сенатор Қ.Айтаханов аудан тұрғындарымен кездесіп, Елбасының «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жергілікті БАҚ-да жалпы 36 мақала жарияланып, телеарна арқылы 16 бейнесюжет көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 14.12.2012ж. Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан- 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Ақпараттық насихат топ құру туралы» аудан әкімінің өкімімен ақпараттық насихат топтардың құрамы бекітіліп, топтар тарапынан 86 кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Бұдан бөлек 2012 жылдың 25 желтоқсанында облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен 16 кездесу өткізілді. Жолдауға байланысты 2012 жылдың 21 желтоқсанында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активі өткізілді. Аудан активінде аудан әкімінің орынбасары Б.Танагузов «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан- 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында Сайрам ауданында атқарылатын іс-шаралар жоспары, Жолдауда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамның алдына қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.
Ауданда елдің ынтымағы мен бірлігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелендіру және аға ұрпақ пен кейінгі ұрпақтың арасындағы сабақтастықты жалғастыру, ардагерлер кеңестерінің, ақсақалдар мен билер алқаларының жұмыстарын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен аудандық «Ырыс алды -ынтымақ» форумы құрылып, 5 отырысы өткізілді. Форумда қоғамдық тәртіпті сақтау, халыққа қызмет көрсететін түрлі мекемелердің, орталықтардың жұмысын жақсарту, қылмыс пен құқықбұзушылықтың, соның ішінде мал ұрлығының алдын алу мақсатында елді мекендерде халық жасақтары жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жанынан «Аудан аумағында діни ахуалды реттеу, діни экстремизмнің алдын-алуды жүзеге асыру жергілікті тұрғындармен, жастар өкілдерімен кездесулер өткізу» мақсатында 12 адамнан жасақталған үгіт-насихат тобы құрылды.
Құрылған үгіт-нәсихат төбы ауыл округтеріндегі әр бір елді мекендерде және жоғары оқу орны, колледж студенттері, мектеп оқушылары арасында «Діни экстремизм-терроризмге қарсы күрес және кереғар діни ағымдардың іс - әрекетінің алдын алу, шет елдерде діни білім алудың қажетсіздігі» тақырыптарында 2012 жылда 172 рет жиналыс-семинарлар өткізілді.
Жиналыс-семинарлар прокуратура, ҰҚК және АІІБ қызметкерлерімен бірлесе өткізілді.
Жастардың бойында рухани-адамгершілік, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту салауатты өмір салтын қалыптастыру, әскери – патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында, 2012 жылдың 16-18 мамыр аралығында өткен оқу далалық жиынындағы «Офицер болғым келеді» патриоттық акциясы өтті. Акцияға жоғары дайындық пен белсенділік граматолар мен бағалы сыйлықтар таратылды.
Осы жылдың 28-маусымында «Жастар және жазғы лагерь» деген тақырыпта лагерьдегі жастар мен кездесу ұйымдастырылып. Кездесуде түрлі ойындар өткізілді Мақсат – жазғы лагердегі жастардың тыныс-тіршілігімен танысу, олардың арасында орын алып жатқан өзекті мәліметтерді талқылау.
Аудан жастары арасында 2011 жылы 48 кәсіпкер тіркелген болса, 2012 жылы 15 кәсіпкер тіркеліп отыр. Бұлардың негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқарып жатыр. Жас кәсіпкерлердің ішінде жоғары жетістікке жеткендер «Сайрам сүт» ЖШС-нің төрағасы Шәріпбеков Ержігіт және «Колос ЛТД» ЖШС-нің төрағасы Кәрімжанов Райымжан. Жалпы кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген жастар саны – 10116.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алған жастар саны – 2.
2011 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 адам жұмыспен қамтылса, 2012 жылы 6 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңға шейін аталмыш бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған жастар саны 35 адамды құрап отыр.
Елбасының биылғы Жолдауындағы он басым бағыттардың ішінде ең өзектісі халықты жұмыспен қамту болса, соның ішінде жастарды жұмыспен қамту, ауданда 2011 жылы 737 жас жұмыспен қамтылса, 2012 жылы 813 жас жұмыспен қамтылып, оның ішінде: 222 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сайрам ауданында азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты күшейту мақсатында аудан әкімі жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылған. Жылдың басында бекітілген кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, жарты жылда бір рет кеңестің отырысы тұрақты түрде өткізілуде. Ауданда аймақтық партиялар жүйесінің филиалы бүгінгі таңда 5 құрайды.
Саяси партиялар бірте – бірте әлеуметтік саяси сананы жаулап ала отырып, ауданның қоғамдық өміріндегі нақты факторларына айналып, саяси процестердің дамуына айтарлықтай әсер етуде.
Соның ішінде қазіргі таңда белсенді қызмет атқарып жатқаны партия - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы. «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы тарапынан қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, бір жүйеге қойылды, басты мақсат: адамдардың шешілмей жүрген мәселелерді шешу жолдарын қарастырып беру, жағдайы төмен отбасыларға демеушілір тарапынан көмек көрсету. «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы жанынан сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.
Өзбек ұлттық мәдени орталығы осы жылдың қаңтар айында Қарабұлақ, Сайрам ауыл округтерінде волейбол мен баскетболдан спорттық ойындар жарысын өткізді. Өзбек ұлттық мәдени орталығы жанынан, «НИК» корпорациясы қолдауымен тілдер үйрету мектебі ашылып, жұмыс атқаруда. Славян мәдени орталығы қаңтар айында «Рождество Христова», наурыз айының 4 жұлдызында «Масленица» атты іс-шараларын өткізді. Кәріс ұлттық мәдени орталығы Ай күнтізбесі бойынша өз жаңа жылдарын ақпанның 10 –ы күні қарсы алды.
Ауданда тіркелеп, әрекет етіп тұрған 12 БАҚ бар, оның шінде 11 немесе 91% - баспа басылымдар (9-газет, 2- журнал), электрондық БАҚ – 1 (телеканал). 3- уі мемлекеттік, қалғандары жекеменшік. Көрсетілген БАҚ-тың барлығы заңды тұлға ретінде әділет органдарынан тіркеуден өтіп, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде есепке тұрған. 26 маусым -Баспасөз күніне орай, мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты іс – шарада белсенді қызмет атқарған аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері аудан әкімі атынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайрам ауданының
әкімінің орынбасары : ___________________Ш.Кенжеев
Сайрам аудандық экокомика және
қаржы бөлімінің бастығы : ________________Ғ.Аязов
орындаушы : А.Кембаева
тел : 21-250
Достарыңызбен бөлісу: |